ДК: Өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Көкшетау қаасындағы бірқатар нысанның жұмысымен танысты. Кәсіпорындардың қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. Ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелері талқыланды.
РКС: «Еуразия групп Қазақстан» серіктестігі Көкшетауда ТМД бойынша ең үлкен ауыл шаруашылығы техникаларын сататын және қызмет көрсететін компания. Жылына 160 бірлік техника шығаруға қауқарлы. Серік Жұманғарин сервистік орталықтың қызметімен танысып, өзекті мәселелерді талқылады.
СНХ: СЕРГЕЙ ГЛОККЕ, «EURASIA GROUP KAZAKHSTAN» СЕРІКТЕСТІГІ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Жобаларымызды іске асыру үшін Көкшетау қаласы бізге қолайлы орталық. Үлкен қолдаудың арқасында проектерімізді жүзеге асыра бастадық. Қазір мұнда шамамен 150-160 адам тұрақты негізде жұмыс істейді. John Deere-ден басқа, дәнді дақылдарды суаруға арналған құрылғыларды да шығару жоспарда бар.
РКС: «Асыл-Арман» зауыты полиэтилен мен полипропиленнен жасалған қапшықтарды өндіру бойынша еліміздің көшбасшысы. Кәсіпорын Кеден одағы бойынша ең ірі компаниялардың бестігіне кіреді. 800 маманды жұмыспен қамтып отыр. Бір тәулікте 10 млн қап пен айына 250 мыңға дейін «Биг-бэг» контейнерін шығарады.
СНХ: РҮСТЕМ УСМАНОВ, «АСЫЛ-АРМАН» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңда өзімізді 30 процент қамтамасыз етеміз. Егер өңірлерде 80 процентке жеткізетін болсақ, бұл қосымша 10 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте жеңіл өнеркәсіпті көтеру керек Қазақстанда. Осындай қарапайын нәрселерден бастасақ 80 проценке де жетеміз.
РКС: Сапар соңында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин "Гормолзавод" сүт кәсіпорнына барды. Мұнда жылына 11 тонна сүт, 511 тонна ашытылған сүт өнімдері, 406 мың тоннадан астам сары май өндіріледі. Өнеркәсіп жылына 7300 тонна өнім өндіруге қауқарлы.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ