ДК: Ғалымдар латын әліпбиінің соңғы нұсқасын бекітті. Ол бірнеше тілші-ғалымның, әдебиетшілердің, жалпы жұртшылықтың талқылауынан өткен. Латын әліпбиіне 2031 жылға дейін кезең-кезеңімен көшу жоспарланып отыр.
РКС: Тіл- адамзат қоғамын құру үшін халыққа берілген маңызды құрал. Латын әліпбиінің соңғы нұсқасындағы басты өзгерістерінің бірі “ң” дыбысының жазылу үлгісі. Яғни, әріп үстіндегі толқынды белгіcі бар. Сала мамандары еліміз көп ұлтты болғандықтан, латын әліпбиіне көшуді жан-жақты саралай келіп, бірте-бірте жүзеге асырудың қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатынын да айтты. Ал мұндай өзгерістерге біраз уақыт қажет екен.
СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Менің өз ойым 7-8 жыл болуы керек. Дайындық кезеңі болады. Кирилл әріпімен қатар беріп, көзді үйретіп, курстар ашып ақырын үйретуге болды. Бұл латын таңбасы кәдімгі үйренген нәрсе. Латын әріпімен смс жазбайтын жастар жоқ. Қытай иероглифы сияқты таңбалар емес. Біз тек қана әріп, таңба ауыстырып қоймай, қазақ тілінің 70-80 жыл бойы кетіп қалған ұлттық орфоэпиялық заңдылығымызды қалпына келтіруіміз керек.
РКС: Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етпек. Сарапшылардың пікірінше, латын әліпбиіне қатысты мәселені талқылауда әлеуметтік желі қолданушылары аса белсенділік танытып отыр. Сондықтан көпшіліктің де пікірін ескерген жөн дейді. Тіпті, өздері әліпби жасап, ұсынатындар да бар.
СНХ: ҚАСИЕТ МОЛҒАЖДАРОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Ел арасында, халық арасында бұқаралық ақпарат құралында фейсбук, тик-ток, инстагарам бәрінде пікір айтылып жатыр. Әлі де жаңа әліпбиді жүйеге салу деген ұсыныстар бар. +++Негізінен соңғы әліпбиді алсақ болады. Өйткені Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары өте жақсы жұмыс істеді. Емле ережелеріне онлайн, оффлайн түрінде бірқатар жұмыстар жасап, халық арасында еңбек етті.
РКС: Айта кетейік, ғалымдар қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге қатысты негізгі нұсқаны аяқтады. Бұл жұмысты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жүргізген. Былтыр сәуір айында жарияланғаны соңғы нұсқа болып қалды.
АИДА ХАМИТОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ