ДИКТОР: Биыл өңірде «Бизнес бастау» жобасы аясында 170 адамға мемлекеттен қайтарымсыз грант берілмек. Бұл шағын және орта кәсіп иелеріне үлкен қолдау. Бүгінде осы жобаның арқасында бизнес ашып, оның жемісін көріп отырғандар аз емес.

РКС: Тұрсын Дәулетхан 3-інші топтағы мүгедек. Мүмкіндігі шектеулі болса да, үйінде бір мезгіл тыным тауып отырған жоқ. Ол мал шаруашылығымен бұрыннан бері айналысады. Былтыр қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, 3 сиыр мен сүт сауатын құрылғы сатып алыпты.

СНХ: ТҰРСЫН ДӘУЛЕТХАН КӘСІПКЕР:  Бұрын отбасымызда 6 сиыр болған. Енді гранттың арқасында 3 бас қара мал қосылды. Бала-шағамызбен қосылып мына кәсібімізді әрі қарай дөңгелеткіміз келеді. Несие алып, енді 40-50 тұяққа жеткізсек деген мақсатымыз бар.

STAND-UP: ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА ТІЛШІ:  Қыстың қамын жаз ойла демекші, кәсіпкер шөп қорын жылы күндері жинап үлгеріпті. Енді ол көктемге дейін жетеді. Қазір бұл қорадағы 9 сиырға азық болып отыр. Осылайша Тұрсын Дәулетхан сүтін сатып, отбасын асырайды.

РКС: Жалғызбасты ана Гүл Оспанованың медицина саласында еңбек етіп жүргеніне 6 жылдан асты. Алғашқыда түрлі емдеу мекемесінде жалданып жұмыс істеген ол біраз тәжірибе жинаған соң остеопатия кабинетін ашқан. Оған мемлекеттен берілген қайтарымсыз грант та сеп болыпты. Бүгінде оның кәсібі дамып, табысы артып отыр.

СНХ: ГҮЛ ОСПАНОВА КӘСІПКЕР:  Мемлекет берген қаражатқа мен өз ісіме керек құрал-жабдықтарды алдым. Енді мына кәсібімді кеңейтіп, дамытуды жоспарлап отырмын. Сондықтан өзіме бір көмекші алдым. Оны ең алдымен оқытамын. Содан кейін ол да осы кабинетте жұмыс істейді.

РКС:Үш жылда 250-ге жуық көкшетаулық мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Қаражаттың барлығы әлеуметтік осал топтарға жататын жандарға үлестіріліпті.

СНХ: ЕРНАР ИМАНҒАЛИ КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: 2022 жылдың қорытындысы бойынша 230 адам «Бизнес бастау» оқуын сәтті аяқтап, 50 адам грант иегері атанды. 2023 жылғы жоспар бойынша 20 адамға грант қарастырылған.

РКС: Ал облыс бойынша былтыр кәсіп ашуға ниетті 366 адамға қайтарымсыз грант берілді. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы бағытында жұмысын бастаған.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ