ДК: Статистикалық деректерге сүйенсек, өңірде 40-тан астам адамға қаңғыбас ит шапқан. Олардың дені жасөспірімдер. Көшелерде үйір-үйір болып жүрген үй жануарлары қаптап кеткен. Бұл мәселені шешу үшін биыл қандай шаралар қолға алынады? Әріптесім Салтанат Сәрсембайқызы біліп көрді.

РКС: Қаңғыбас иттер көшелерді кезіп, тұрғындарға тыныштық бермейді. Халық иттен ауру жұға ма деп те алаңдаулы. Қорқып қалған балалар көшеде еркін жүре алмайды. Бұралқы иттер баланы қойып, үлкендердің де әбден зәресін алып бітті.

СНХ: МИХАИЛ КУЛИШОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бала түгілі өзіміз қорқамыз. Иттер 10 шақты кейде тіпті 12-ден үйір-үйір болып жүреді. Менің қызым мүлдем далаға шықпайды.Олар адамға секіреді. Өте қорқынышты. Қауіпті. Бұл мәселені бірдеңе қылып шешу керек қой.

РКС: Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау деректеріне сәйкес былтыр қаңғыбас иттерге қатысты 2 мыңға тарта шағым тіркелген. Құқық қорғау органдарының статистикасы бойынша облыс орталығында 29 жануар иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін 382 мың теңге өндірілді. Биыл олардың санын едәуір азайту 92 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген.

РКС: АСҚАР СЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:  Осы қаражат 5500 итке бөлінген. Қаражат қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыру, оларды уақытша ұстау, анықтау, вакцинациялау және зарарсыздандыруға бағытталатын болады. Зарарсыздандырудан өткен жануарлар чиптеледі, оларға сәйкестендіру нөмірлері беріледі және деректер «Таңба» республикалық базасына енгізіледі. Демек, құтыруға қарсы вакцина алған жануарлар адамдарға қауіп төндірмейді.

РКС:Облыста жануарларды қорғайтын бір ғана қоғамдық бірлестік бар. Қараусыз қалған иттерді қамайтын бірде-бір арнайы орын жоқ. Аудан-қалаларда жер бөлу, жоба жасау жұмысы енді ғана басталған.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ