ДИКТОР: Аршалы ауданында жаңа жел электр станциясы іске қосылды. Аймаққа жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ермек Маржықпаев оның жұмысымен танысып, қолдау білдірді. Бүгінде өңірде баламалы энергия өндіретін 13 жоба жұмыс істеп тұр.


РКС: Әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі-энергия тапшылығы. Өйткені, дәстүрлі қуат көздері жаңа технология дамыған сайын сарқылып барады. Әрқайсысының қуаттылығы 5 мВ болатын 30 турбина-өңір үшін үлкен жетістік. Себебі, облыста мұндай энергия өндіретін станция жоқ.

СНХ: ХЬЮ МЭТЬЮ, ИНВЕСТОР:  Қуаттылғы 100 мВ болатын жоба өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылды. Бүгінде қосылған турбиналардың қуаты 150 мВ. Әрқайсысы 5000 киловатт сағат, ал жылына 375 сағат өндіреді. Қазір компанияда 11 адам жұмыс істейді. .

РКС: Баламалы энергетиканы дамыту өңір үшін ғана емес, тұтастай алғанда еліміз үшін тың серпін берді. Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі баламалы энергетиканы дамытуды жел және күн электр станцияларының құрылысы арқылы жүзеге асыруды қарастырады. 2030 жылға қарай мұндай электр станцияларының үлесі 10 процентті құрауы тиіс. Облыс бойынша бүгінгі күнге дейін 8 жоба жүзеге асырылған. .

ИНТЕРШУМ: жоба жайындағы диалог

РКС: Жасыл энергетика облыс үшін өте пайдалы, өйткені, үлкен инвестиция келді. Жоба құны 57 миллиард теңге. Жел электр станциясы құрылысының қарқынды жүргізілгенін атап өткен жөн. Кәсіпорын жобаны 8 айдың ішінде іске қосып отыр. Өңір басшысы оң баға берді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеп жатырмыз. Қысқа мерзімде осындай ауқымды істі аяқтап отырсыздар, алғысымыз шексіз. Біздің өңірге келген әр инвестормен қоян-қолтық жұмыс істеуге әзірміз. Мемлекеттік саясаты осындай.

РКС: Бұдан бөлек облыс әкімі кәсіпорынға келетін теміржол торабының жөнделетінін атап өтті.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМ: Басты міндет-жол құрылысын аяқтау. Астанаға дейін енді жолдың сапасы жақсы болады. Биыл бұл жобаны аяқтаймыз.

СНХ: МЕРХАТ МЕКЕЖАНОВ, ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ МАМАНЫ:  Өндірілетін энергияның табиғатқа еш зяины жоқ. Жел энергиясынан электр қуатын өндіреміз. Яғни, тұтынушылар біздің өнімді пайдаланады.

РКС: Кәсіпорын болашақта дәл осындай 11 турбина орнатуды жоспарлап отыр. Ел экономикасы отынның әдеттегі түрімен толықтай қамтамасыз етілгенін атап өту қажет. Десе де, жаңартылған энергия көздерінің негізінде жаңа үлгіні құрастыру еліміз үшін аса маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстанда баламалы энергия көзінің 140-тан астам нысаны бар.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ