ДК: Көкшетауда шетелдік көлігін заңдастырған алғашқы жүргізуші мемлекеттік нөмірін алды. Елорда тұрғыны Руслан Мұқанбаев «Toyota Sienna» маркалы темір тұлпарын төрт жыл бұрын Армениядан әкеліпті. Содан бері оны тіркеу туралы ойлап жүрген. Сондықтан ол осындай акцияның басталғанын естігеннен кейін, алғашқылардың бірі болып өтінім тастаған.

РКС: 38 жасар азамат бұрын өткізілген акция шеңберінде сары нөмірлерді рәсімдеген. Ал бүгінгі таңда мемлекет берген бірегей мүмкіндікті пайдаланып, автокөлігін толық заңдастырып алғанына дән риза.

СНХ: РУСЛАН МҰҚАНБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қарапайым халыққа автокөліктерін рәсімдеп, есепке қоюына осындай мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Алғашқы жарнасы да көңілге қонымды. Төлем жасағаннан кейін, сары нөмірлерлі тапсырып, Қазақстандық нөмірлерімді алдым. Өзім Көкшетаудың тумасымын. Қазіргі кезде Астанада тұрам. Бірақ жақындарым осында. Телеарналардың бірінде шетелдік автокөліктердің заңдастыратынын естіп, бірден Көкшетау қаласындағы мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келдім. Орталықтың қызметкерлері жедел түрде қызмет көрсетуінің арқасында, барлық тексерістерден еш қиындықсыз өттім.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ