ДК: Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік-мемлекет пен жеке сектор арасындағы ынтымақтастықтың нысан. Серіктестік аясындағы жобалар облыс бюджетіне түсетін жүктемені азайтуға бағытталған. Жеке кәсіпкерлер инвестицияны көбіне бастауыш білім беру ұйымдарын қайта құруға қаржы салады.

РКС: Өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеке құрылымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылы 7 жыл бұрын бастау алған. Осы жыл ішінде білім беру саласында 56 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты жасалды. Мұндай жобалар оқу үдерісінің жағдайын жақсартуға және облыс бюджетіне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Облыс орталығында бірқатар мектеп аталған бағдарлама аясында жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастықта. Оның бірі №2мектеп-лицейі.

СНХ: ЖАННА ӘБІЛХАЕВА, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Шамамен 5 жыл бойы біз жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастықтамыз. Осыдан төрт жыл бұрын бұл асхана күрделі жөндеуден өткен. Жаңа құрал-жабдықтар әкелінді. Қазіргі таңда тамақтың сапасы жақсарды. Оқушылар осы жерде тамақтанады. Балалар мен олардың ата-аналарынан асханаға қатысты оң пікірлерін алудамыз.

РКС: 5 жылдан бері жеке кәсіпкер Айгүл Қонырбаева №2 мектеп-лицейімен дұрыс тамақтану бағытында жұмыс істеп келеді. Ол мектептің екі корпусындағы асханаға арнайы жабдықтарды орнатты. Бұл қажеттіліктерге 7 млн.теңге қаражат жұмсалған. Бұл қала бюджетін біршама жеңілдетеді,- дейді кәсіпкер әйел.

СНХ: АЙГҮЛ ҚОНАРБАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Ескі ғимартатты толық жөндеуден өткіздік. Ол жерде біз еден плиткаларын орнатып, қабырны жаңарттық. Ескірген дүниені түгел ауыстырдық. Ол пештер, электр плиталар, шкаф, тоңазытқыш сынды жабдықтар.

РКС: Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүзеге асырылғалы бері бастауыш және орта білім беру саласына 1 млрд. теңгеден астам қаржы тартылған. Жобаны жүзеге асыру аясында балабақша ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу, қаңырап тұрған нысандарды қалпына келтіру жұмысы жүргізілді. Мектеп асханаларын сенімді басқаруға беру бойынша 45 жоба жүзеге асырылып келеді. Оған инвесторлар қаражатынан 235 млн. теңге бөлінді.

АИДА ХАМИТОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ