ДК: Ақмола облысы ауыл шаруашылығында бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Өткен жылы бұл саланың жалпы өнім көлемі 1 триллион 37 миллиард теңге болды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті одан әрі көбейту жоспарланып отыр.

РКС: Былтыр диқандар соңғы 10 жылдағы рекордтық өнім жинады. Астықтың жалпы көлемі 5,5 млн. тонна. Өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі 33,6% процентке өсті.

 СНХ: ЕРКЕШ ӘЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Топырақтың құнарлығын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Былтыр 1 миллион гектардан астам жер жыртылды. 532,8 мың тонна тұқым жиналды. Техниканы жөндеуге дайындық жүріп жатыр.

РКС: Өңірде өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығын көбейтуге көп көңіл бөлінеді. Былтыр 190 мың тонна ет өндірілді. Сондай-ақ, төрт-түліктің саны да артты. Облыста 111 ет, 11 сүт-тауарлы фермасы ашылды. Мысалы, бір Жақсы ауданында да ғана мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11 миллиард теңгеден асты.

СНХ: МАРИЯ ҚАРАЖІГІТОВА, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Былтыр ауданда 10 ет фермасы ашылды. Жалпы саны 340 бас асыл тұқымды мал бар. Сүт-тауарлы фермасының жобасы іске асырылды. Тауар өндірушілер мал шаруашылығы саласында 110 млн теңге көлемінде субсидия алды.

РКС: Былтыр мемлекеттен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 55 млрд.теңгеге субсидия берілген.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ