ДИКТОР: Өткен демалыс күндері Бурабай аймағында «Менің туым» аттты үлкен акция ұйымдастырылды. Ені 15, ұзындығы 30 метрлік аспан түстес Мемлекеттік Ту «Жұмбақтас» жартасы мен «Абылайхан» алаңында толықтай жазылған күйінде көпшілік назарына ұсынылды.

РКС: Акция арқылы күллі әлемге еліміздің ең үлкен мемлекеттік Туын көрікті табиғатпен ұштастыра отырып көрсету идеясы сәтті жүзеге асырылды деуге толық негіз бар. Сонымен қатархалықтың Отансүйгіштік қасиетін арттыру. Әсіресе жастар арасында саяхаттау арқылы тарихты зерделеуді, табиғатты қорғап, сақтауды насихаттау да акцияның көздегені. Шараға Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды өңірлерінен де волонтерлар келді.

СНХ: ЕРЛАН ТОРАЛИЕВ, «ATIRAU NOMADS» ӨКІЛІ: Атыраудан келдік. Атырау номадс саяхатты бүгін осы Бурабай өлкесінде. Патриоттық сезімді ояту мақсатында. Қазақстан жалауының астына тек жастарды ғана емес, барлық азаматтарды біріктіру. Көкшетау қаласында тұратын Рамиль деген досымызбен танысып осы бір жыл бұрын осы идея келді. Бұл іс-шараны барлық әлем көрсін дейміз. Туымыз арқылы табиғатымыздың байлығын, әдемілігін көрсету мақсатында келіп отырмыз. Барлығы жақсы әсер алып отыр.

РКС: РАМИЛЬ НАБУОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен өз елімнің патриотымын. Ұлтқа нәсілге бөлінгенімен туымыз бір екенін айту мақсатында осы іс-шара жасалып отыр. Сонымен қатар туған жеріміздің бай екені көрсету. Әдемі көрікті мекендерді паш ету.

РКС: Іс-шараның өтуіне Ақмола облысының әкімдігі қолдау білдірген. Акцияны өткізуге жастар ресурстық және «Vizit Aqmola» ақпараттық орталықтары, облыстық кәсіпкерлік және туризм, спорт басқармалары да зор үлес қосты.

СНХ: ҚУАНЫШ ҚАРАУЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Көңіл-күй тамаша және ауа райы да керемет. Киелі мекен Бурабай өлкесінде көктуымызды биікке шығару челенджін бастап отырмыз. Арнайы коньки тебушілерді алып келдік. Әрқашан біздің спортсмендер де туымызды биікке көтеріп жүр. Отанға деген сүйіспеншілік, рәміздердің бірі осы Туымызды асқақтатып, патриоттық сезімді ояту.

РКС: «National Geographic Qazaqstan» журналы да «Менің туым» акциясына ақпараттық қолдау көрсетушілердің қатарында.

СНХ: ЕРЖАН СЫРЫМОВ, «NATIONAL GEOGRAPHIC QAZAQSTAN» ЖУРНАЛЫНЫҢ ӨКІЛІ //қаз///Елімізде «NATIONAL GEOGRAPHIC QAZAQSTAN» деген журнал бар. Жалпы бұл ортақ шара. Жастардың бойында отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Еліміздегі көркем жерлерді көрсету.

РКС: Көкшетау-киелі мекен. Акция барысында мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер де мерекенің шырайын келтіре түсті. Айта кетейік, аталған шараны ұйымдастырушылар бір жылдай дайындалғандарын айтады. Облыстық жастар русрустық орталығы ауа райының суықтығын білдірткен жоқ. Дастархан жайып, көпшілікке бауырсақпен, тәттілермен ыстық шай әзірлеп әкеліпті. Бұл эстафета енді Астана қаласында жалғасын табады. Одан әрі еліміздің Батысы мен Шығысында, Оңтүстігінде де ұйымдастырылмақ.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.