ДИКТОР: Көкше өңірі ежелден ән-жырдың бесігі атанған киелі өлке. Ұлылардың есімін ұлықтау мақсатында түрлі ескерткіштер бой көтерген. Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша 1660 ескерткіш бар. Жалпыұлттық маңызы бар сакралды 10 нысан бар. Тарихи-мәдени мұраны пайдалану және қорғау жөніндегі орталық бірнеше ірі жобаны жүзеге асыруда.

РКС: Ірі жобаның бірі «Қазыналық қазба-ұлт құндылығы» деп аталады. Зеренді аунанына қарасты Кеңөткел ауылының маңында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, біздің дәуірге дейінгі 17-15 ғасырдағы қола дәуіріне жататын қорым табылды. Ескерткіштердің техникалық жай-күйіне мониторинг жүргізіп отыру аталған орталықтың басым бағытының бірі. Өткен жылы 147 нысанға осындай тексеру жүргізілген. Әзірге ескерткіштердің бәрі қалыпты жағдайда,-дейді мамандар.

СНХ: ЖАННА ШӘРІПОВА ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ МӘДЕНИЕТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:  «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1037 ескерткіш мемлекет қарауына алынған. Ақмола облысындағы тарихи ескерткіштер, мәдени мұралар туралы жалпыұлттық қасиетті нысандары атты деген кітап бар. Сонымен қоса, тарихи ескерткіштерге арнайы кюар код орнатылған. Үш тілде. Әрбір тұрғын, туристер келіп, кюар код арқылы мәлімет ала алады.

РКС: «Тарихи-мәдени мұра ақпараттық технология тілінде» жобасы аясында облыстың тарихи-мәдени мұрасы ескерткіштеріне кюар код орнатылған. Осы арқылы кез-келген нысан туралы толық ақпаратты ешкімнің көмегінсіз алуыңызға болады. Былтыр облыс бойынша мемориалдық 14 тақта орнатылған.

СНХ: ЖАСҰЛАН ҮКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі таңда, жергілікті қала немесе жергілікті аудан әкімдері осы ескерткіштерге жауапты. Біз тұрғын үй коммуналдық шаруашылық орталығымен бірге бірлесіп жұмыс атқарамыз. Өкінішке орай тұрғындар ескерткіштердің маңайында көгершіндерді құстарды тамақтандырып отырады. Сол себепті құстарды жаман үйретіп қойған. Біз сол себепті двойной скочпен инелерді орнату жоспары бар. Яғни, көгершіндер отырмау үшін. Сондай-ақ егер бұзылып қалса, плиталар түсіп қалған жағдайларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

РКС: Ақмола облысы аумағындағы республикалық маңызға ие 15 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. "Қазыналы қазба-ұлт құндылығы" жобасы аясында биыл Бурабай ауданы және Біржан Сал аудандарында қазба жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ Сандықтау ауданында археология жөнінде жаңа нысандарды анықтауға қатысты барлаң жұмысы жүргізілмек.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.