ДИКТОР: Көлік жүргізушілерге қатысты тәртіп қанша қатаңдатылғанымен, жол-көлік оқиғалары толастар емес. Былтыр 653 жол-көлік оқиғасы орын алған. Ереже бұзғандарды анықтайтын заманауи техникалардың қатары да жыл санап жаңартылу үстінде. Өткен жылы Ақмола облысының полицейлеріне автомобильдердің қозғалысы мен жылдамдығын анықтауға арналған «Ekin Patrol G2» қызметтік 2 көлігі сатып алынды.

РКС: Сатып алынған құрылғы қызметтік көліктерге орнатылған. Қазіргі уақытта қала көшелерінде және республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздікті бақылайды. Өткен күзден бері жаңа құрылғының көмегімен жылдамдықты асырған 19 мыңнан астам дерек анықталған. «Ekin Patrol G2» жылжымалы жүйесі қолданысқа енгізілгелі бері жол-көлік оқиғаларының саны 29 процентке төмендеген. Аталған жүйе өз тиімділігін көрсеті отыр,-дейді құқық қорғау саласының мамандары. Мемлекетке борышкерлер, айыппұл, алимент,салық төлеуден жалтарып жүрген 12 мыңнан астам көліктің иесі құрылғының бағдарламасына енгізілген. Көлік жүргізу құқығынан айырылған 3,5 мыңнан астам тұлғаның тізімін де осы жүйе арқылы көруге болады.

СНХ: БЕКБОЛАТ ҚҰСМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ: Жалпы 11 камера бар. 10 камера айналаны түсірсе, 1 камера іште. Дауыс барлығы жазылады. Жазба екі ай бойы сақталады.

РКС: Жаңа құрылғының көмегімен былтыр 400-ге жуық автокөлік ұсталды. 11 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сақтандыру полисінсіз көлік құралын жүргізушілерге де тосқауыл қойылып келеді. 200-ге тарта көлік иесі айыппұл арқалады. Аталған жүйе операторлардың санын қысқартып, құқық бұзушылық көрсеткішін арттыруға септігін тигізді.

СНХ: МАРАТ КУБИТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Көлік жүргізушілерге жол қауіпсіздік ережесін бұзғандары туралы хабарлама келеді. Планшеттік компьютерге орнатылған арнайы бағдарлама бар. Жүргізушілер келіп арыздарын жазады немесе біз хабарлама жіберіміз. +скл+Әрине ұялы телефондарына хабарлама келмейтін жағдайларда болады, немесе госнөмірлерінің әріптері қате болып дегендей, сол кезде корректировка жасаймыз. Бастысы хабарлама алғаннан кейін 7 тәулік ішінде айыппұлдың 50 пайызын төлеуге мүмкіндік бар, егер төлемесе толық сомасын төлейді. Егер айыппұлдан қашатын жағдай болса, әкімшілік хаттама толтырамыз.

РКС: Полицейлер биыл тағы осындай екі көлік Ақмола облысына сатып алынатынын айтып отыр. Облыс әкімі қолдауының арқасында жолдағы тәртіпсіздікке тосқауыл қоюға жасалып отырған зор мүмкіндік. «Ekin Patrol G2» қызметтік қос көлігін сатып алуға жергілікті қазынадан 103 миллион теңге бөлінген. Айта кетейік, соңғы үш жылда заманауи техникалардың арқасында жолдарда ереже бұзғандардан 3 миллиард 238 миллион теңге көлемінде айыппұл өндіріліп алынған.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АЛМАЗ СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.