ДИКТОР: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметтің беделін арттыру қажет екенін айтты. Бүгінде бұл бағытта бірқатар шара қолға алынған. Солардың бірі- мерзімді қызметтің сарбаздарына "несиелік демалыс" енгізу.

РКС: Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді қызметтегі сарбаздар үшін барлық қарыздарды тоқтата тұру туралы Меморандумға қол қойды. Осыған орай өзара іс-қимылының арнайы алгоритмі әзірленді. Бұл да әскери қызметшілер үшін жақсы мүмкіндік,-дейді сала мамандары.

СНХ: ЕРКЕН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Әскери қызметтің әлеуетін арттыру үшін, ең біріншіден, қызметкерлерге жақсы әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс. Яғни, олардың әрі қарай кәсіби дамуы үшін барлық жағдай жасалуы керек. Материалдық көмектің де маңызы зор. Ал бұл салада еңбек еткісі келетіндерге 17-22 жас аралығындағы жасөспірімдер әскери оқу орындарында тегін білім ала алады.Содан кейін оларға лейтенант атағы да беріледі.

РКС: Бүгінде әскери оқу орындарында барлық жағдай жасалған. Білім сапасы да жоғары деңгейде. Бір ерекшелігі оқу бағдарламасына әскери этика, көшбасшылық, көшбасшылық қасиеттерін және мінезін қалыптастыратын пәндер де кіреді.

СНХ:ҚАЗБЕК КӨЛПЕНОВ,КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:  Халықты әскери қызметке ынталандыру үшін министрлік пен жоғары оқу орындарының реткорлары жастарға тегін білім беру туралы меморандумға қол қойды. Осының арқасында әскери қызметшілердің саны артпақ. Оның беделін арттыру мәселесі де өзекті. Бүгінде мемлекет те, қоғам да Қарулы күштердің имиджін қалыптастыруға аса ден қойылып отыр.

РКС: Бүгінде курсанттарға барлық жағдай жасалған. Олар жоғары оқу орнында тегін оқиды. Содан кейін толықтай жұмыспен қамтамасыз етіледі.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, РАХАТ САЛЕЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»