ДК: Қорғалжын ауданында «Екі жұлдыз» байқауы өтіп жатыр. Оған кәсіби орындаушылар мен әуесқой әншілер қатысуда. Алдағы уақытта өтетін гала-концертте белгілі отандық әншілермен бір сахнада талантты жұптар өнер көрсетеді. Байқауға 17-52 жас аралығындағы барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

РКС: Биылғы жылы 32 әуесқой әнші өтініш берген. Олардың 9-ы іріктеуден өтті. Жарыс екі айға созылған 5 кезеңде өтеді. Байқау кезеңдерінің тақырыптары: «Қазақ халық әндері кеші», «Пародиялар кеші», «80-90 жылдардағы әндер», « Хит әндер».

СНХ: ЛӘЗЗАТ ҚҰСАЙЫНОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Бұл мегажобалардың бірі, бізге өте ұнады. Оның биыл да жалғасып жатқанына қуаныштымыз.

СНХ: ӘДІЛХАН ӘЛИЕВ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен бұл байқауға күтпеген жерден келдім. Өзім спортшымын. Қатысып бағымды сынап көрейін деп шештім. Өкінбеймін. Іріктеуден өтіп, қатысушылармен таныстым. Көрермендердің қолдауы біз үшін өте маңызды. Сахнада өнер көрсету оңай емес екенін түсіндім.

РКС: Әртістердің өнерін көрермендер дауыс беруі және қазылар алқасы арқылы бағалайды. Байқау төрешілерінің құрамына ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері мен мәдениет үздіктері, "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасының иегерлері, сондай-ақ қазақ эстрадасының жұлдыздары кірді.

СНХ:ЕРЛАН МАЛАЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: Мәдениетті біз аудан,ауылдардан бастауымыз керек. Барлық мәдениет үйлері ауылдарда орналасқан. Мұнда талантты әншілер көп. Біз оларды бағыттап, халықаралық деңгейге көтеруіміз керек.

РКС: Конкурс жеңімпаздары үшін 200, 150, 100 және 75 мың теңге сомасына ақшалай сертификаттармен марапатталады. Жеңімпаздарды 25 қаңтарда өтетін гала-концертте жариялайды.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ТЕМІРЛАН САЛИМОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ