ДИКТОР: Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан өңіріне көмекке аттанды. Құтқарушылар үшінші тәулік бойы су тасқынының алдын алу жұмыстарына белсенді қатысуда. Үш моторлы қайықпен құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Прибрежное ауылының тұрғындарын Қызылжар аудандық ауруханасына жеткізуде. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Есіл өзенінің тасуы салдарынан жол қозғалысы тоқтатылған елді мекендерге азық-түлік пен ауыз суды жеткізіп отыр.