ДИКТОР: Көкшетауда шахматтан турнир өтті. Додада мектеп оқушылары бақ сынады. Шара педагогика саласының ардагері Қайрат Бекеновтың құрметіне ұйымдастырылған.

РКС: Шахмат – логикалық ойлауды дамытатын спорт түрі. Турнир Қайрат Бекеновтың қызы Әсел Қалымованың бастамасымен өткізілуде. Айта кетейік, сайыс осымен 6-шы рет ұйымдастырылып отыр.

СНХ: ӘСЕЛ ҚАЛЫМОВА, ҚАЙРАТ БЕКЕНОВТЫҢ ҚЫЗЫ: Әкем 50 жылдан астам уақыт бойы балаларды тәрбиелеумен айналысты. Халыққа қызмет етті. 25 жыл бойы Зеренді ауданында мектеп директоры болды. 6 жыл бұрын оның құрметіне Зеренді ауданына қарасты Қонысбай ауылында балаларға арналған шахмат кабинеті ашылған. Ауыл балаларының осы спорт түріне деген қызығушылықтары мен интеллектуалдық деңгейді арттыру мақсатында.

РКС: Турнирге 120-дан астам ұл-қыз қатысты. Қалалық сайыс болса да Зеренді ауданы мен Солтүстік Қазақсан облысынан да оқушылар келген.

СНХ: БЕЙБАРЫС МАМЫРОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Өзім 5 дүркін облыс чемпионымын. Шахматпен 7 жыл айналысамын. Бұл спорт түрі ойлау қабілетін, логиканы дамытады.

СНХ: ҚАНАТ БИҒОЖИН, ТУРНИР ТӨРЕШІСІ: Турнир Швейцария жүйесі бойынша өтеді. Жас ерекшеліктері бойынша 5 топқа бөлінген. Жалпы, дода жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Балалар қызығушылық танытып жатыр. Жеке және командалық біріншілік бар. Алдымен әр жас тобында өтеді. Кейін Олимпиада ойындарындағыдай алтын, күміс және қола медальдары есептеледі. Қай команданың қоржынында медаль көп болса, сол құрама бірінші орын алады.

РКС: Үздік деп танылғандар медаль және кубоктармен марапатталды. Сондай-ақ, бағалы сыйлықтар табысталды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ