ДИКТОР: Ақмола өңірінде мүсіндеу өнеріне өз үлесін қосып жүрген көрнекті суретші-мүсіншілер аз емес. Солардың бірі – облыс орталығының тұрғыны, дарынды суретші, мүсінші – Манарбек Бұрмағанов. Оның жұмыстары Көкшетау және облыс аудандарының көшелерінің көркін кіргізген.

РКС: Манарбек Бұрмағанов 1991 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің "Көркемсурет-графика факультетін" бітірген. Колледжде, университетте, балалар көркемсурет мектебінде оқытушы болып жұмыс істеді. Мұз мүсіні бойынша көптеген халықаралық және қазақстандық фестивальдердің қатысушысы. Бірнеше рет гран-при және басқа да көптеген марапаттардың иегері атанды. Ол Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының алдындағы алаңда орнатылған биіктігі 11 метр "Домбыра" монументалды стелласының авторы. Оның шығармашылық жолы бала кезінен басталды.

СНХ: МАНАРБЕК БҰРМАҒАНОВ, СУРЕТШІ-МҮСІНШІ: Мен бала кезден сурет салуды, мүсіндеуді жақсы көрдім. Алдымен сазды мүсін, содан кейін ағаш мүсінді істеп бастадым. Мұның бәрі болашаққа әсерін тигізді. Степняк қаласында дүниеге келдім. Біржан салға ескерткіш жасадым, бұл менің алғашқы үлкен жұмысым болды. Ақ цементтен жасалған, биіктігі 3 метр. Сондай-ақ, Ауған жауынгерлеріне арналған 3 метрлік ескерткіш бар. Ұлы Отан соғысы ескерткішін қалпына келтіруге ат салыстым.

РКС: Қазіргі уақытта суретші-мүсінші көрмеге дайындалып жатыр. Ол Абылай ханның мүсінін жасады. Көрнекті мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, көреген саясаткер. Әрбір деталь маңызды, - дейді шебер.

ИНТЕРШУМ: «АБЫЛАЙ ХАНҒА» СИПАТТАМА

РКС: Жалпы аймақ бойынша 1800-ге жуық ескерткіш бар. Соның ішінде археология ескерткіштері де бар. Оның 44-і облыс орталығында орналасқан.

СНХ: ГҮЛІМ РАҚЫМЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ: Біздің аймақтың аумағындағы көптеген ескерткіштер біздің облыстың белгілі тұлғаларына ғана емес, бүкіл Қазақстанға белгілі тұлғалардың да ескерткіштері бар. Мысалы, Мәлік Ғабдуллинні, Талғат Бигелдиновтың, Ілияс Есенберлиннің, Қаныш Сәтбаевтың ескерткіштері бар. Белгілі тарихи тұлғаларға көптеген ескерткіштер орнатылды. Биыл Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай Ақкөл қаласында ескерткіш ашу жоспарлануда.

РКС: Сондай-ақ, биыл Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай бюст ашу жоспарланып отыр. Айта кету керек, өңірдегі 5 тарихи және мәдени ескерткіштің республикалық маңызы бар.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЗАРИНА БЕҚКАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.