ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Красный Яр ауылында болды. Бұған дейін аймақ басшысының қабылдауында Красный Яр тұрғындары бірқатар мәселелерді көтерген болатын. Өңір басшысы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, құрылыс және жөндеу жұмыстарымен танысты.

РКС: Красный Ярдағы медициналық-санитарлық көмек орталығындағы күрделі жөндеу биыл аяқталу керек. Алайда жұмыстар белгіленген мерзімнен кешігіп жатыр. Бұл мәселені жақында облыс әкімінің қабылдауында Красный Яр тұрғындары атынан Базарбай Әбуов көтерген еді. Өңір басшысы Марат Ахметжанов нысанды аралап, жауапты сала мамандарына жөндеу жұмыстарын жіті назарда ұстауды тапсырды.

СНХ: ЖАН ЖӘҢГІРОВ, «RAKADA GROUP» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ: Нысан 80 процентке дайын. Барлық инженерлік жұмыстар аяқталды. Өткен жылу желілерін тартып қойдық. Бұл тұрғыда проблемалар жоқ.

- Сізге қанша уақыт керек?

- Мамыр айының соңына дейін алдық. Өйткені біз тағы бір нысанға жауаптымыз.

РКС: Сондай-ақ, аймақ басшысы Марат Ахметжанов дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Бұған «Sheberbuild» серіктестігі жауапты. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттаманы реттеуде. Екі жылдық жұмысты 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланған. «Бақылау мен жауапкершілік жоқ жерде мәселе туындайды», - дей келе, өңір басшысы Марат Ахметжанов қалалық құрылыс бөліміне нысанның мерзімнен кешікпеуін тапсырды.

ИНТЕРШУМ: Облыс әкімі Марат Ахметжанов пен мердігердің диалогы:

- Қандай жоспар, қашан бітіресіздер?

-План бойынша, жаңа жылға дейін. Все сети подведены, тепло, вода, канализация.

РКС: Сонымен қатар, Красный Яр блок-модульдік қазандығының жұмысымен де танысты. Оның қуаты Красный Ярдың жартысын ғана жылумен қамтамасыз етуге жетеді. Сондықтан қосымша қазандық салынбақ. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Бұл қазандыққа «Қарағанды Котломаш» серіктестігі жауапты. Мердігермен келісім-шарт жасалды. Жылумен қамту желілерін қаржыландыру және орнату мәселесі өткір тұр.

ИНТЕРШУМ: Облыс әкімі Марат Ахметжанов пен "Көкшетау жылу" мекемесі басшысымен диалогы:

- Насколько используется мощность?

- В данный момент максимально, 12 гигакаллорий. Енді осы жылы салынса, ол да 12 гигакаллорий болады. Тағы да объектілерді қосуға болады. Оны қосу үшін, дополнительные сети керек.

РКС: Сапар соңында Марат Ахметжанов 280 орындық балабақша құрылысымен танысты. Жобаға облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінген. Мердігер өкілінің айтуынша, материалдар жеткілікті көлемде сатып алынған.

ИНТЕРШУМ: Облыс әкімі Марат Ахметжанов пен мердігердің диалогы:

РКС: Красный Яр ауданындағы жаңа балабақшаның іске қосылуы орын тапшылығын екі есеге азайтады. Аймақ басшысы мектепке дейінгі мекеме жаңа оқу жылынан бастап балаларды қабылдауға дайын болуы керектігін тапсырды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ