ДК: «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында өңірде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Басты көздегені-сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейту. Сондай-ақ мектептердің инфрақұрылымын жақсарту. Осы тұста облыста жобалық қуаттылығы 14 мың оқушыға арналған 10 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ол кезең-кезеңімен пайдалануға берілмек.

РКС: Ұлттық жоба бес міндет және төрт бағыттан тұрады. Бірінші міндет- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету. Бұл бағытта өңірде былтыр мектепке дейінгі 14 жаңа ұйым ашылды. Қазіргі таңда облыс аумағында осындай 600-ден астам мекеме бар.

СНХ: АНДРЕЙ МАЙБАХ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Биыл 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 88 процентке дейін арттырмақ ниеттеміз. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтамасыз ету де бар. Осыған орай 600-ге жуық жаңа орын ашылмақ.

РКС: Жобаның екінші, үшінші бағыты орта білім сапасын арттырып, қауіпсіз білім беру ортасымен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл тұста биыл өңірде бірқатар шара атқарылмақ. Модификацияланған жаңа 50 кабинет ашылады деген жоспар бар. Оған бюджеттен 267 миллион теңге қарастырылған. Облыс орталығындағы мектептерде орын тапшылығына байланысты 4 мектеп салынады. Бұл шаралардың барлығы білім сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының келесі бағыты- қолжетімді әрі сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету.

СНХ: НАРТАЙ ЫБЫРАЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Білімді ұлт» жобасы аясында жоғары техникалық колледжінің негізінде тоғыз құзыреттілік орталығы ашылды.  Қазіргі таңда нарықта қажетті мамандарды даярлаумен айналысамыз. Ол машина жасау технологиясы бойынша, дәнекерлеу ісі, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мамандықтары бойынша және жеңіл өндіріс мамандарын дайындаймыз. Серіктестерден тапсырыс алып, жаңа дайын бұйым шығарудамыз. «World Skills» халықаралық байқауға біздің студенттер қатысып, жүлделі орын алуда.

РКС: Бағдарламаның тағы бір бағыты-қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Өңірдегі жоғары білім беру мекемелерінде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу қолға алынды. Сондай-ақ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және IT университетімен бірлесе отырып «Сандық агрожүйелер мен кешендер» және «Ғимараттар мен құрылыстардың сандық дизайны» бірлескен білім беру бағдарламалары әзірленген. Бұдан бөлек, инновациялық докторантура бағдарламалары да дайындалып, жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар интегралды GPA есебін пилоттық режимде енгізуде.

АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ