ДК: Өңірде экология саласына көп көңіл бөлінеді. Ол үшін тұрақты түрде түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.Десе де былтыр қоршаған ортаға зиян келтірудің 103 дерегі тіркелген. Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі жоспардан тыс 42 тексеру жүргізді. Нәтижесінде экологияға залал келтірген 71 заңбұзушылық анықталды. Қоршаған ортаға 187 миллион теңгеден астам шығын келді.

РКС: Бүкіл әлемде табиғатты, қоршаған ортаны қорғау мәселелері аса өзекті. Мемлекеттің экологиялық саясатының басты мақсаты елдегі жасыл экономиканың үлесін арттыру болып отыр. Осыған орай өңірде қабылданып жатқан шаралар да аз емес. Соның бірі 2020-2025 жылдарға арналған облыстың экологиялық жол картасы.

СНХ: ГҮЛНАЗ ТҰЙҒЫНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Экологиялық жағдайды жақсату бойынша жол картасы бекітілген болатын. Осыған байланысты 30 дан астам іс-шаралар ұйымдастырылды. Көкшетау қаласы, Ерейментау мен Аршалы аудандарында қуаттылығы 83 Мвт болатын жел электр станциясы орнатылды. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою бойынша да іс-шаралар атқарылды.

РКС: Болашақта жаһандық туризмнің 25 процентін экологиялық туризм құрайды. Ең дамып келе жатқан сала осы. Ақмола облысында туризм саласы ерекше орын алады. Бурабайдың бауырында тамаша табиғат көріністері ішкі туризмді дамытуға мол мүмкіндік береді. Ғажап ну орманы туристерді тамсандырады. Онда 600 жылғы қарағай бар деседі.

СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: /Өңірдің туристік кластеріне туризм саласындағы 500-ден астам кәсіпорын кіреді. Мұнда «Бурабай», «Бұйратау» және «Көкшетау» сынды мемлекеттік ұлттық үш табиғи паркі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы бар. Онда балық аулап, сан алуан фаунада демалуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 900-ге тарта тарихи және мәдени ескерткіш бар.

РКС: Арқаның кербез сұлу Көкшетауы қазақстандықтардың қашанда сүйікті мекені. Жылына аймаққа 1 миллионға жуық турист демалуға келеді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШК АҚПАРАТ