ДИКТОР: Бүгінде өңірде мүмкіндігі шектеулі 29 мыңнан астам адам тұрады. Оның 11 мыңы былтыр оңалту іс-шараларына қатысып, көмек алды. Қазіргі уақытта облыста мұндай жандарға қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.

РКС: Мемлекеттік сектор шеңберінде облыста мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселесімен айналысатын 25 бөлімше бар. Сондай-ақ, қазіргі уақытта жүріп-тұруы қиын 2 мыңнан астам жанға үйден көмек көрсетіледі. Оған қоса оларға арбалар, гигиеналық құралдар да тұрақты түрде беріледі.

СНХ: НӘЗИПА СӘЛІНГРЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мүмкіндігі шектеулі жандар тифлотехникалық, протездік-ортопедиялық және сурдотехникалық құралдарымен қамтамасыз етіледі. Оған қоса оларда курорттық аймақтарға емделуге де жіберіп жатырмыз. Сондай ақ, облыста инватакси қызметтері де көрсетіледі.

РКС: Заң бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы толықтау қорғалуы тиіс. Сонда ғана кедергісіз орта қалыптаспақ.

СНХ: ҚАНАТ БАЙБУРОВ, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі жандар инклюзия арқылы білім ала алады. Балалардың да орта мектепте оқуына мүмкіндік берілген. Сондай-ақ, мұндай жандар мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдарда сайланып, жұмыс істей алады.

РКС:Сондай-ақ, елімізде халықтың әлеуметтік осал санатының құқықтары жөніндегі Уәкілетті институтын құру жоспарланып отыр. Құжат 27 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға салынады.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»