ДК: Ақмола облысындағы жергілікті атқарушы органдарда 3 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Оның 14 проценті жастар. Бүгінде олардың санын арттыру басты мақсат. Осы орайда облыста “Талапкер” жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. Өткен жылы 25 түлек сәтті аяқтап, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет саласында кәсіби тәжірибеден өтуде.

РКС: Жастар-еліміздің басты стратегиялық ресурсы. Сондықтан, мемлекеттік қызметте жастардың білікті маман ретінде қалыптасуына зор мән беріледі. 2018 жылдан бастап “Талапкер” жас мемлекеттік қызметшілер мектебі ашылды. Жобаның басты мақсаты- іскерлік қабілеті бар жастарды жұмысқа тарту. Сала мамандары бұл жақсы бастама және мансапты одан әрі құрудың іргетасы екенін айтады.

СНХ: ЖАЗИРА СЕЙІТМАҒАНБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:  Жыл қорытындысына сәйкес бұл мектепті 25 талапкер аяқтады. Олардың арасында А.Мырзахметов атындағы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеттерінің, гуманитарлық-техникалық академияның соңғы курстарының студенттері бар. Қазіргі таңда осы 25 талапкердің 60% мемлекеттік және құқық қорғау органдарында кәсіби тәжірибеден өтіп жатыр.

РКС: Сондай-ақ, сала мамандары жастарды мемлекеттік қызметке тарту жұмысы мұнымен шектелмейтінін айтып отыр. Жастар ресурстық орталығымен меморандумға қол қойылып, бос жұмыс орындарына жәрмеңкелер ұйымдастырады. Онымен қоса, кәсіби бағдарлау жұмысы аясында мектептердің 10-11 сынып оқушыларымен де түрлі кездесулер өткізілуде.

СНХ: МАРАЛ АТАМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет орналасқан жас мамандардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңына сәйкес ұзақтығы үш айды құрайтын сынақ мерзімі белгіленді. Осы мерзімде сынақтан өтушілерге тәжірибесі мол, тәрбие жұмысына бейімді және ұжымда беделді, соңғы жылы қызметін бағалауда тиімдіден төмен емес нәтижелері бар, тәртіптік жазалары жоқ тәлімгерлер бекітілді.

РКС: Өткен жылы мемлекеттік қызметке алғаш рет орналасқан 187 азаматқа сынақ мерзімі белгіленді. Олардың барлығына тәлімгер бекітіледі. Нәтижесінде 128-і сынақ мерзімін сәтті аяқтап, мемлекеттік қызметтегі жұмысын жалғастыруда.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ