ДК: Журналист, жазушы, сатирик, «Ақпарат саласының үздігі» Сайлау Көшкенұлының еңбектері жинақталған «Шырмауық» атты атты кітабының таныстырылымы өтті. Жарты ғасырға жуық ғұмырын әдебиет әлемімен байланыстырып, түрлі тақырыпта мақала, суреттеме, очерк, әзіл-сықақ жанры бойынша қалам тербеген жазушының бүгінде 30-ға жуық еңбегі бар.

ИНТЕРШУМ: Кітаптың таныстырылымы

РКС: Кітап әзірге санаулы ғана данамен басылып шықты. Мұқабасы жұқа көрінгенімен, ішіндегі азық болар дүниенің жүгі ауыр. Автор реті келсе әлі талай мәселені көтеріп, кітап жазу ойында жүргенін айтты.

СНХ:САЙЛАУ КӨШКЕНҰЛЫ, ЖАЗУШЫ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ: Еңбек жолымды газеттен бастадым. Онда әртүрлі жанр бойынша жаза бастадым. Шырмауық кітабы ол менің бұрынғы 6 жұқа кішкентай кітаптардың басын қосып, қалың жинақ етіп шығардым.400 беттік. Шырмауық деп қойған себебім қазір заманымыз құбылмалы ғой.Әр түрлі жағдай болып жатады.

РКС: Жазушының "Құныққанның кесірі", "Өмірдің ащы шындығы", "Тағдыр тәлкегі" сынды түрлі жанрдағы кітаптары жарық көрді. Жиынға келген замандастары да қаламгердің әдебиет сахнасындағы орны туралы ой-толғамдарымен бөлісіп, шығармашылығына жоғары баға берді.

СНХ: АЛТАЙ НҰРҒАСЫМОВ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ: Мен ол кісіні ертеден білемін. Жерлесімін. Талай кітаптарын оқып риза болдым. Оның өзінің образы бар. Өзгешелігі бар. Өзінің жазу стилі бар.Өзінің сөз саптауы бар. Өз еліне 50 жылдан аса қызмет етіп келеді. Шын жүректен еңбегіне табыс тілеймін.

РКС: Жазушы Сайлау Көшкенұлы сатиралық шығармалары арқылы өмірдегі әділетсіздікті, бай-бағландар мен билік өкілдерінің жалқаулығын, жағымсыз қылықтарын қатаң сынға алған.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ