ДК: Алдағы қыркүйектен бастап 10-11 сынып оқушылары бір мезетте мектепте де, колледжде де оқи алатын болады. Қос білім беру қолданысқа пилоттық жоба ретінде енгізілмек. Бағдарламаның ерекшелігі - оқуды ойдағыдай аяқтаған балаға аттестатппен қоса диплом да беріледі.

РКС: Таңертең мектепте сабағын оқитын оқушы түс қайта кәсіби білім беретін арнайы оқу орнында білім алуына құқылы. Әзірге, екі кәсіптік-техникалық білім беру ұйымымен келісім жасалған. Бұл ретте оқушы мамандықты да өзі таңдайды. Ал жоба бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

СНХ: ДИАНА ЖАҚЫПОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Ақмола облысы бойынша екі колледж анықталды. Степногорскідегі жоғары колледжі мен Көкшетаудағы құрылыс-технологиялық колледжі. Эксперименталды оқыту бағдарламасы бойынша білім алуға талапкер өтініш жазуы тиіс, сонымен қоса құжаттарын тапсырады. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, білімі туралы құжаттың түпнұсқасы, 3 те 4 фотосурет пен медициналық анықтама.

РКС: Оқу жүктемесінің мөлшері күніне төрт сағаттан аспайды. Білім алу үшін оқу уақытының көлемі кемінде 48 кредитті құрауы тиіс. Оқу мерзімі 1 жыл 5 ай. Степногорск жоғары колледжінде екі мамандық бойынша оқыту жоспарланған. Олар интерьер дизайны, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандықтары. Ал облыс орталығындағы колледжде үш мамандық бойынша оқыту жүзеге асырылады.

СНХ: ЕРЛАН БЕГАЙДАРОВ, КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ол сәндік-қолтаңбалы өнер, тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы және дәнекерлеу ісі. Сол 3 мамандық бойынша қала мектептерімен келісім-шартқа отырып, үш жақты-мектеп- колледж және ата-аналар немесе оқушылардың өзі. 10-11 сынып оқушыларын биыл жұмысшы мамандық бойынша даярлаймыз.

РКС: Эксперименталды білім беру алдағы екі оқу жылында тәжірибе ретінде жүргізіледі. Колледждерде қосымша білім алатын бала саны 15-тен аспауы тиіс. Жұмысшы мамандығын меңгерген шәкірт кәсіптік-техникалық оқыту ұйымының дипломын алып шығады.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ