ДК: Өткен жылы өз бизнесін ашуға 50 адам қайтарымсыз грант алды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында қаражат бөлінді. Белсенді азаматтар бәсекеге қабілетті тың жобаларын іске асырып келеді.

РКС: Сергей Савоскин өз бизнесін дамытуға қайтарымсыз грант алған тұрғындардың бірі. Былтыр ол техникалық қызмет көрсету станциясын ашқан. Қажетті құрал -жабдықтарды сатып алып, 2 адамды жұмысқа қабылдады.

СНХ: СЕРГЕЙ САВОСЬКИН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Мен бизнес жобаны ұсынып, грант ұтып алдым. Жұмыспен қамту орталығына өтініш жазып бізге екі ай ішінде қаражат берді. Қазіргі уақытта біздің автосервис көлікті ағымдағы және күрделі жөндеу, автокөліктердің істен шығуын жою, қосымша жабдықты орнату көлік құралдарын қалпына келтіру сияқты қызметтерді ұсынамыз.

РКС:Қоғамдық тамақтандыру, мал шаруашылығы, білім беру салалары бойынша жобаларға негізінен ақмолалықтар қызығушылық танытып отыр. Грант иеленушілерінің арасында жастардың үлесі басым. Облыс бойынша өз ісін ашу және дамыту мақсатында жас кәсіпкерлерге мемлекеттік 260 грант беру жоспарланып отыр.

СНХ:АСЫЛ МОЛДИЯРОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Өткен жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында 230 жұмыссыз оқудан өтті. Оқудан кейін қатысушылар сертификат алды.Ол 3 жылға дейін жарамды. 136 адам өз ісін бастау үшін грант алуға өтініш білдірді.

РКС: Былтырғы жылы кәсіпкерлерге 61 млн теңгеге мемлекеттік гранттар бөлінді .

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ