ДИКТОР: Атбасар ауданына қарасты Бастау ауылында жастарға арналған мәдени ойын-сауық орталығы ашылды. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған нысанның құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Оған республикалық және жергілікті бюджеттен 400 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

ИНТЕРШУМ: Жастар орталығының ашылуы

РКС: Осыған дейін елді мекенде мұндай орталық мүлдем болмаған. Енді бұл мәселе шешімін тапты. Мәдени ошаққа бір мезетте 200-ге жуық адам келе алады. Онда кітапхана, спорттық-гимнастикалық, музыкалық үйірмелер мен 125 адамға шақталған көрермен залы бар. Мұның барлығы ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оған қоса осының арқасында 12 бос жұмыс орны құрылып, екі қолға бір күрек таба алмай отырғандар еңбекпен қамтылды.

СНХ: ШӘНИЯ КҮЛЖАБАЙ, ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МӘДЕНИ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: Жастарға арналған осындай үлкен орталық ашылып жатыр. Оған біз өте қуаныштымыз. Осылай қолдап жатқандарыңызға үлкен рахмет! Бүгінгі күнге дейін осында мұндай ойын-сауық орталығы болған жоқ. Қазір мұның ішінде әртүрлі музыкалық, спорттық үйірмелер бар.


РКС: Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Бастау ауылында сервистік әкімшілік ашылды.

ИНТЕРШУМ: Сервистік әкімшіліктің ашылуы

РКС: Бүгінде «Сервистік әкімшілік» моделі ірі қалалар мен облыс орталықтарында ғана емес, шалғай жатқан елді мекендерде де көптеп ашылып жатыр. Осының арқасында ауыл тұрғындары жылдам әрі сапалы түрде мемлекеттік қызметпен кеңес ала алады,-дейді сала мамандары.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»