ДК:Биыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің ресми бекітілгеніне 30 жыл толды. Осы орайда республика бойынша 180-нен астам іс-шара ұйымдастырылды. Ақмола өңірінің мәдениет пен өнер саласы да бұл атаулы мерекеге белсене ат салысты.

РКС:Мемлекеттің төлқұжаты іспетті рәміздердің құны мен маңызы жоғалмай, әр кез жастарға насихатталып, тарихы ұмытылмасын деген мақсатпен өңірдегі, елдімекендердегі барлық мәдени ошақтарда арнайы іс-шаралар легі өткен. Әдебиет пен өнер музейі де бұл шараға ерекше ізденіспен кіріскен.

СНХ:НҰРБОЛАТ ӘЛМЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Рәміздерде қандай ою-өрнектер қолданылған, рәміздерде не орналастырылған, рәміздердің айтатын ойы біздің әдебиетте, ауыз әдебиетінде және біздің өнерімізде қандай негіздер бар, соның бәрін сараптай келе дәрістер жазылып, университет және колледж, мектеп оқушыларына оқылады. сонымен қатар, біздің ақындарымыз бар қалада сол ақындардың қатысуымен 30 жылдыққа арнап, «Көк тудың желбірегені» деп аталатын ақындардың мүшайрасын өткіздік. Облысымыздан 20-ға жуық ақындарымыз қатысты.

РКС:Жыр жәрмеңкесінде ақындар туған жер, тәуелсіздік, ұлттық құндылықтар, ауыл тақырыбында төл туындыларын оқып, жиылған көпшілікті тәнті еткен. Рәміздердің 30 жылдығын облыстағы рухани қазына орны саналатын кітапханалар да лайықты атап өтті.

СНХ: НӘЗИРА ТӘШКЕНОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Рәміздердің 30 жылдығына орай біздің кітапханада өте көп іс-шара өтті. Оның ең маңыздысы 16 қыркүйек күні мәдениет министрлігі мен облыс әкімшілігі бірлесіп, үлкен іс-шара өткізген болатын. Іс-шараға геральдика орталығының ғалымдары келді және басты қонағымыздың бірі - Жандарбек Мәлібекров. Ол біздің елтаңбаның авторы. Сол кісімен жастарды және Көкшетау қаласының зиялы қауымын кездестірдік.

РКС:Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін талай қиын жолдан өтіп, қалыптасудың кезеңін бастан өткерді. Жеңіс пен жеңілісті қатар еңсерген талай тарихи оқиғалар орын алды. Ал мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен бостандығын паш ететін мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран еліміз үшін ең қастерлі екені даусыз.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ