ДИКТОР:Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық бөлімшесі. Бұл құрылымның функциялары - экономика және қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алу шараларын ұйымдастырады. Сондай-ақ, қаражатты қылмыстық жолмен заңдастырудың жолын кеседі.
РКС: Бүгінгі таңда экономикалық тергеу департаментінің құрамындағы 4 бөлімшеде 55 қызметкер жұмыс істейді. Биыл олар 25 қылмыстық істі анықтаған. Оның 8-і ауыр қылмыс санатына жатады. Сотқа дейінгі тергеудің 39 материалы тіркелген. 24-і бойынша іс өндірісі аяқталды.
СНХ:ӘСЕТ ТӘНИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ТЕРГЕУШІС: «STOP- ОБНАЛ» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде құқықтық кодексінің 216-бабы 1-бөлігі бойынша "Ф" серіктестігіне қатысты жұмыстар нақты орындалмай, қызмет көрсетусіз шот-фактураларды жазып беру фактісі және 2019 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта тауарларды жөнелтуге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне тіркелді. Келтірілген залал көлемі 104 238 856 теңге. «Қазына» жедел-пофилактикалық іс-шарасы аясында лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шарттары шеңберінде бөлінген ақшалай қаражатты ысырап ету фактісі анықталды. Оның алдын ала есептелген сомасы 553 млн. теңге.
РКС: Департамент жұмысының нәтижесінде 800 миллион теңгеден астам қаржы мемлекет қазынасына қайтарылды. Заңсыз өндірілген 36 мың литр алкогольді өнім мен 60 мың қорап темекі айналымнан алынып, жойылды. Олар мемлекеттік стандартқа сәйкес емес, сонымен бірге адам денсаулығына қауіп төндіреді.
СНХ: ӘЛИЯ ЕСМҰХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕРГЕУШІСІ:
РКС: Қаржылық пирамиданың жолына тосқауыл қою мақсатында департаменттің жедел қызметкерлері 500-ден астам сайтты тексерген. Заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша 3 қылмыстың іс аяқталып, сотқа жолданды. Олардан заңсыз орнатылған 10 ойын терминалы тәркіленген. Бұдан бөлек, 3 күдіктіге қатысты алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар Ресей Федерациясынан ұрланған автокөліктерді өздеріне иелік ету үшін құжаттарды қолдан жасаған.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ