ДИКТОР: Барша баланың сүйікті мерекесі Жаңа жылға санаулы күн ғана қалды. Осыған орай өңірдегі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде Жаңажылдық ертеңгіліктер өтіп жатыр. Мұндай мерекелік іс-шараның біріне біздің түсірілім тобы да қатысты.
РКС: Аяз ата, Ақшақар, ертегі кейіпкерлері. Барлығы бүлдіршіндерді ертегі әлеміне жетелеп, керемет көңіл-күй сыйлады. Балақайлар да іс-шарадан қалыс қалған жоқ. Олар тәрбиешілерімен бірге өнер көрсетіп, сиқырға толы ғажайып қойылымды сахналады.
ИНТЕРШУМ: Ән
СНХ: ЕКАТЕРИНА РУБЛЕВСКАЯ, АТА-АНА: Керемет қойылым болды. Өте жақсы әсер алдым. Балалар өз өнерін көрсетіп, ата-аналарды бір қуантып қойды. Осындай керемет іс-шараны ұйымдастырған тәрбиешілерге де рахмет!
РКС: «Білім әлемі» балабақшасы өз жұмысын осыдан 12 жыл бұрын бастаған. Келер жылы оның алғашқы тәрбиеленушілері мектеп бітіріп, жас түлек атанады. Бүгінде мекемеде білікті мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ, онда хореография, дене шынықтыру, музыка үйірмелері бар.
ИНТЕРШУМ: Би
СНХ: БИБІГҮЛ КӘРКЕНОВА, «БІЛІМ ӘЛЕМІ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бүгінгі іс-шара керемет өтті деп ойлаймын. Ата-аналарға қатты ұнағаны көрініп тұр. Біздің ұжым үлкен емес, дегенмен барлығымыз бір-бірімізге әрдайым көмектесуге дайынбыз. 2023 жыл мол бақыт, қуаныш әкелсін!
РКС: Балалар жылы да аяқталуға жақын. Жыл сайын өңірде1 мың балаға арналған 10-ға жуық мектепке дейінгі ұйым ашылады. Бүгінде 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен қамтамасыз ету көрсеткіші 85 процент болса, 3-тен 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер онымен толықтай қамтылған.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»