ДИКТОР: Биыл денсаулық сақтау саласына 77 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 процентке артық. Оның 1 миллиард теңгеден астамы ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға жұмсалған. Оған 43 медициналық құрал-жабдық сатып алынды.
РКС: Бүгінде өңірде 500-ден астам денсаулық сақтау нысаны бар. Оның тең жартысы ауыл-аймақтарда орналасқан. Алайда, қазіргі уақытта олардың барлығы бірдей тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетеді деп айтуға келмейді. Себебі, шалғай жатқан елдімекендердегі мекемелердің дені ескірген. Қазіргі уақытта бұл бағытта бірқатар шара қолға алынды. Биыл 11 нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Оған бюджеттен 130 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді.
СНХ:НҰРЛАН АҚЫЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Целиноград ауданының Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмекорталығының, Атбасар ауданының Новосельское ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің және Сочинское ауылында медициналық пункттің құрылысы жалғасуда.Сонымен қатар, Қосшы қаласында 100 келушіге арналған емхана пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта оның лицензиясы дайындалып жатыр.
РКС: Бұл жұмыстар әлі де жалғасын таппақ. Келер жылы медициналық мекемелердің инфроқұрылымын жақсартуға 2,2 миллиард теңге бөлінеді. Оның 62 миллион теңгеден астамы 3 нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға жұмсалмақ.
СНХ: НҰРЛАН АҚЫЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Ендігі жылы «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында 9 нысан күрделі жөндеуден өтеді. Оған 400 миллион теңгеге жуық ақша бөлінеді. Сондай-ақ, биыл Біржан сал ауданының Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухана салу үшін 500 млн.теңге бөлінді.
РКС: Кадр тапшылығы мәселесі де біртіндеп шешілуде. Биыл 87 жас маман жұмысқа орналасқан. Дегенмен өңірде әлі де 200-ден астам дәрігер жетіспейді.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЛІШЕР ШӘКҮБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»