ДИКТОР: Мықты мемлекет, дамыған экономика, берекелі қоғам. Осыдан 10 жыл бұрын дәл осындай мақсатта Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы құрылды. Оның маңызы мен мәні зор. Тіпті, қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар сол стратегияның жалғасы,-дейді ақмолалықтар.

РКС: «Қазақстан-2050» стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықтан тұрады. Солардың бірі– елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Бұл басты бағыт. Бүгінде халықтың еңбекақысын көтеру бағытында бірқатар шара қолға алынған. Мысалы, осыған дейін мұғалімдердің жалақысы өсіп, бұл мамандыққа деген сұраныс артты. Алайда, бұл тек қана бастамасы екенін мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өтті.

СНХ:ЕРЛАН НАУРЫЗБАЕВА, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ: Екі Президенттің де Қазақстан-2050 бағытында тоғысқанын көруге болады. 2012 жыл бастау алған бұл стратегияның жалғасы ретінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында 10 бағыт-бағдарды айтқан болатын. Яғни, онда мемлекеттік билік тармақтарының теңдігі, сайлау жүйесі, оның тәртіптері, Конституциялық құқық сынды мәселелер айтылды. скл Стратегияда денсаулық сақтау, білім саласына да көп көңіл бөлінді. Қазір Мемлекет басшысы осы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

РКС: Ата Заңға өзгеріс енді. Сайлау үдерісі қайта жаңғырды. Президенттің құзыры азайып, Парламенттің уәкілеттігі артты. Суперпрезиденттік басқару жүйесіне тоқтау қойылды. Мұның барлығы қазіргі уақытта атқарылып жатқан шаралар. Дегенмен оның бастауы осыдан он жыл бұрын қойылған.

СНХ:ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҚР СЕНАТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:  Тәуелсіз Қазақстан қазір өзінің дамуының тарихи кезеңінде тұр. Ол баршамызға мәлім. Біз жаңа,әділетті Қазақстанды құру мәселесіне ерекше мән беріліп, саяси реформалар жүргізіліп жатыр. Осыған дейін елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясын құрды. Онда әлеуметтік, саяси-экономикалық мәселелер қамтылды. Алайда,қазір оның барлығы бірдей жүзеге асты деп айта алмаймыз. Оған уақыт керек.+Скл+Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жүйені жетілдіру, одан қалды жаңа, әділеттік Қазақстан құру мақсатында жұмыстар жүріп жатыр. Ол үшін Ата Заңымызға өзгерістер енді. Биыл референдум да болды. Одан Конституцияға көп өзгеріс енгізілді. Президенттік биліктің емес, Парламенттің уәкілеттігін арттыру мәселесіне ден қойылды.

РКС: Алдағы уақытта «Қазақстан-2050» стратегиясы әрі қарай жалғасын таппақ. Бұл Қазақстанның одан әрі көркейіп, дамуына сеп болары анық,-дейді ақмолалықтар.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»