ДИКТОР: Барша баланың сүйікті мерекесі Жаңа жылға санаулы күн ғана қалды. Осыған орйы өңірде дамуында ерекшеліктері бар бүлдіршіндерге арналған Жаңажылдық ертеңгілік өтті. Онда түрлі байқау ұйымдастырылып, балақайлар ән айтып, би биледі.

РКС: Жаңа жылды тағытсыздана күтпейтін бала жоқ шығар сірә. Сондықтан «Дарын» спорт-дамыту орталығы дамуында ерекшеліктері бар бүлдіршіндерге арнайы жаңа жылдық бағдарлама дайындады. Басты мақсат- мүмкіндігі шектеулі жас ұрпақты қолдау, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру.

СНХ: ЕВГЕНИЯ ЮРИНА, АТА-АНА: Менің ұлымның дамуында ерекшеліктері бар. Біздің «Дарын» орталығына барып жүргенімізге көп уақыт бола қойған жоқ. Дегенмен мұнда келгенмізге өте қуаныштымыз. Осындай мүмкіндік беріп, керемет іс-шара ұйымдастырып отырғандарыңызға рахмет!

РКС: «Дарын» спорт-дамыту орталығы былтыр ашылған. Бүгінде мекемеде психолог, дефектолог, логопед мамандары жұмыс істейді. Сондай-ақ, онда қоян-қолтық спорт түрінен, емдік-дене шынықтыру үйірмелері бар. Қазіргі уақытта орталықта дамуында ерекшеліктері бар 50-ден астам бала білім алады.

СНХ: ГҮЛФАЙРУС ОРЫНБАЕВА, "ДАРЫН"СПОРТ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПЕДАГОГ-ЛОГОПЕДІ:  Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық. Мұнда оларға барлық жағдай жасалған. Міне, оқушылармен Жаңа жылды атап өттік. Біздің балаларымыз бен олардың ата-аналарына бар жақсылықты тілеймін. 2023 жыл бізге және жас ұрпаққа бақыт әкелсін!

РКС: Бүлдіршіндер ертеңгілікте ұйымдастырылған байқауларға ертегі кейіпкерлерімен бірге қатысып, оларда тәтті сыйлықтар алды.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ӘЛІШЕР ШӘКҮБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»