ДИКТОР:19 желтоқсаннан бастап әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. 31-ші желтоқсанға дейін үлгеру қажет. Бұл ипотеканы 18 жасқа толған әр азаматша рәсімдей алады. Жылдық мөлшерлемесі 13,2 процент, алайда алғашқы жарна талап етілмейді.
РКС: «Отбасы Банкі» «Азия даму» банкімен әйелдерге арналған бағдарламаны іске асыру мақсатында жалпы сомасы 38 млрд теңгеге келісім-шарт жасасты. Былтыр 8,4 млрд. теңгеге 950-ден астам азаматшаға несие берілді. Биыл 14 млрд. теңгеге 1000-нан аса нәзік жанды тұрғын үйге қол жеткізді. Бұл ипотеканың көмегімен жаңа, сонымен қатар қолданыста болған тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ, жөндеу жұмыстарына несие алуға мүмкіндік бар.
СНХ:ДАНИЯР САУЫТОВ, «ОТБАСЫ БАНКІ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНЫ: Өтінімдер саны шектеулі. Бұл бағдарламаға өтінім тастау тек онлайн режимде іске асырылады. Яғни, ресми сайтта онлайн түрде өтінім беру қажет. Қазіргі кезде несиені ұйымдастыру комиссиясына 50 проценттік жеңілдік бар. +скл+ Тағы айтып кететін жайт, 10 проценттік өтемақыға өтінім бермеген көптеген салымшымыз бар. + скл + Бұл бағдарлама бойынша Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларынан бөлек Қазақстанның барлық аймақтарында тұрғын үй сатып алуыңызға болады.
РКС:Бағдарлама шеңберінде 4 мыңға жуық азаматшаны қамту жоспарланған. Ал сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғарғы құны - 30 млн теңге. Егер «Отбасы банкінде» жалпы соманың 50 процентін құрайтын депозитіңіз болса, және ол 3 жылдың көлемінде тұрғын үй құрылыс жинақ шартында көрсетілген сомаға уақытылы толтырылып, сіздің 16-ға тең бағалау көрсеткішіңіз болса, жылдық мөлшерлеме 5 процентке, ал бағалау көрсеткішіңіз 16-дан жоғары болса, тағы 3,5 процентке төмендейді.
STAND-UP:АИДА ХАМИТОВА, ТІЛШІ: Еліміздің көптеген қыз-келіншегі «Отбасы банкінен» алғашқы жарнасы төмен, балабақша, мектеп, жұмысқа жақын болатын жерден, яғни екінші нарықтан тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін бағдарлама шығаруды сұрағандықтан, «Ұмай» бағдарламасы пайда болды. Тағы бір себебі - Отбасы банкінің несиелік портфеліндегі әйелдердің үлесі қарыз алушы ерлермен салыстырғанда жоғары. Соңғы 5 жыл ішінде ерлерге қарағанда нәзік жандылардың несие рәсімдеуі жиірек. Олардың кредиттік портфельдегі үлесі 55-57 процент.
АИДА ХАМИТОВА, ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ