ДК: Красный Яр елдімекеніндегі көпсалалы №3 мектеп-гимназиясына 30 жыл толды. Мерекелік датаға орай білім ошағында археология және тарих кабинеті ашылды. Сондай-ақ, мектеп қабырғасында Кенесары Қасымұлының 220 жылдығы кең көлемде аталып өтілді. Тарихта өшпес із қалдырған тұлғаны дәріптеу мақсатында ІІІ қалалық ғылыми конференция өткізілді. Жиында ғалымдар Кенесары ханның қолбасшылық қасиеті, саяси тәжірибесі жайлы ой-пікірлерін бөлісті.

РКС: «Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи тұлғасы- Хан Кене» конференциясы жас ұрпаққа ұлы тұлғаның өмірі мен қызметін таныстыруға арналған. Ғылыми жиынның тақырыбы бес бағыттан құралған. Олар: Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі, тұлғалық қасиеті және тарихта алар орны. Сондай-ақ, саясатшылдық қасиеті мен қолбасшы таланты. Ханның 220 жылдығы аясында “Балалар көзімен” атты көрмесі де жұртшылық назарына ұсынылды.

СНХ: ГҮЛЗӘТ БАҚЫТБАЕВА, №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Өзіміздің дәстүрлі жылда өткізетін ғылыми конференциямыз бар. Биыл оны Кенесары Қасымұлының 220 жылдық мерейтойына арнап отырмыз. Тарихи төл тұлғалар өткен өмір жолын айта отырып, біз болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарға негіздей отырып, білім және тәрбие беруді насихаттап отырмыз.

РКС: Бұдан бөлек, мектептің 30 жылдық мерейтойына орай археология және тарих кабинеті ашылды. Ол жерде тас дәуірінен бастап, ерте темір дәуіріне дейінгі өлкенің тарихы көрсетілген. Сондай-ақ, Ақмола облысы мен Бурабай, Зеренді аудандарында орналасқан археологиялық карта қойылған. Негізгі туындылар- Ақмола облысының аумағында түрлі кезеңде өткен қазба жұмыстары кезінде жиналған жәдігерлер.

ИНТЕРШУМ: салтанатты ашылу рәсімі

СНХ: СЕРІК ЫСҚАҚОВ, №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Тек кітап беттерінен көрмей, мұражайға келіп, табылған жәдігерлерді қолмен ұстап, өз көзімен көріп, қызығушылық артады деген ойдамын.Қазіргі таңда мектеп басшылығымен келісе отырып, “Қошқарбай қорымы- қазандық қазба” атты үйірме аштық. Үйірмеде 8 сынып оқитын оқушым бар. Ол баламен бірге мектепаралық, қалалық олимпиадаларға қатысып, археология саласына байланысты жүлделер алып жатырмыз.

РКС: Сондай-ақ, тарихи тұлғалардың өнегелі істері мен мол мұрасын ұрпаққа үлгі ету басты міндет екенін жеткізді. Аталмыш кабинетке қатысты оқушылар да өз көзқарасын білдірді.

СНХ: ГҮЛБАНУ БОЛЬШЕВИКОВА, №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Оқушы ретінде бұл кабинеттің пайдасы үлкен. Себебі біз бұл жерде тас ғасырынан бастап, ерте темір дәуіріндегі өлкеміздің тарихын көзбен көре аламыз. Сондай-ақ, қола дәуірінде әйелдер таққан әшекей бұйымдар мен темір дәуірі кезінде қару жарақ пен тұрмыстық заттарды көре аламыз. ++03:05 Партаның үстінде сабақ оқығаннан гөрі осы жерге келіп, практикалық жұмыс жасап, жәдігерлермен танысқан мен үшін қызық.

АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ