ДК: Бүгін, 12-ші желтоқсан Көкшетау қаласының құрметті азаматы, жазушы-драматург, есімі Көкше өңіріне ғана емес, республикаға танымал, сыршыл ақын Төлеген Қажыбайдың туған күні. Көзі тірі болса, бүгін Көкше елі ақынын төрге оздырып, ерекше етіп құттықтар еді. Өкінішке орай, екі жыл бұрын сұм ажал арамыздан алып кетті. Бірақ, елі ардақты ерін ұмытқан жоқ. Төлеген Қажыбайдың 80 жылдық мерейтойына орай Ақмола өңірінде түрлі іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі-«Толғауы тоқсан Төлеген» атты республикалық ақындар мүшәйрасы.
ИНТЕРШУМ: ҚУАНЫШ ОСПАННЫҢ ЖЫР ОҚУЫНАН ҮЗІНДІ
РКС: Екі кезеңнен тұратын мүшәйраға 18 бен 40 жас аралығындағы 33 ақын қатысты. Еережеге сәйкес әр қатысушы жыр додасына екі шығармадан ұсынуы тиіс еді. Алғашқысы Төлеген Қажыбайға арнау болса, екіншісі Көкшетауға немесе осы өңірден шыққан тарихи тұлғаларға арналған туынды.
СНХ: БІРЖАН АХМЕР, «ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ (АСТАНА): Ақын болу оңай емес, астарлы ақиқатты сөзбен жеткізіп, сабырлықты ұтымды сөздер арқылы адамның сезімін жеткізу тек туа біткен ақындардың қолдарынан келеді.Айта кетсем, бұл бізде ұрпақ сабақтастығы. Ақын болу менің тағдырымда жазылған.Себебі, қан арқылы берілген дүние. Менің атам ақын, ал мен оның ізін жалғастырудамын.
РКС: Екінші кезеңге 9 ақын іріктеліп алынды. Жетісу, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола облыстарының кіл жүйріктерімен қатар Астана қаласынан да жүзден жүйрік шыққан ақындар өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылардың шығармалары бірінен бірі өтеді, өте әсерлі жазылған өлеңдер,-дейді қазылар алқасы.
СНХ:НҰРТАС АХАТ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазақ қоғамының 20 ғасыр-21 ғасырдың руханият жағын дамытуға үлесін қосқан, біртуар ақын, драматург, ірі тұлғасы осы Төлеген Қажыбай. Бүгін осы еске алу кеші.Республикалық мүшәйраның қорытынды сәті. Бүгін ақындардың өлеңдерін талқыладық. Сонымен қатар, Ықылас Ожай, Ерлан Жүніс, Алмас Темірбай сынды ақындар сараптады. Бүгін ортақ шешім қабылдаймыз. Төлегеннің асыл мұрасы құнды дүние.
РКС: Дүбірлі сайыста азулы ақындармен бірге өзінің төл туындысымен жарқ етіп, жыр додасына белсенді қатысқаны үшін дипломымен және Ақмола облысы әкімінің атынан 100 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Жерлес ақын Сарқытбек Нұрдыбекұлымен қатар Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарынан келген ақындар марапатталды. Солардың арасында қызылордалық жас ақын да бар.
СНХ: АЙДАР САЙЛАУОВ, АҚЫН (ҚЫЗЫЛОРДА): Мен сонау Қызылорда қаласы, Арал ауданынан келіп отырмын. Негізі Сырдария жыр дария мекені демекші, бүгін Көкше өңіріне келіп отырмын. Төлеген Қажыбай ағамызды барлық салада өзінің қолтаңбасын қалдырған. Осы ақындар мүшәйрасына келіп қатысып жатқанымыздың өзі үлкен бір қуаныш.
РКС: «Толғауы тоқсан Төлеген» республикалық ақындар мүшәйрасында көкшелік ақын, «Семсер» әдеби сыйлығының иегері Қуаныш Оспан жүзден жүйрік деп танылды. Оған бас жүлде қоры бір миллион теңге көлеміндегі қаржылай сертификат пен диплом табыс етілді. Астаналық ақын Біржан Ахмер бірінші орынның 700 мың теңгелік сертификатын иеленді. Екінші орын батысқазақстандық ақын Бауыржан Шәймерденге, үшінші жүлде көкшелік өнерпаз Мерген Тоқсанбайға бұйырды. Оларға 500 және 300 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.
ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ