ДК: 2004 жылдан бастап 9-шы желтоқсан-«Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» болып белгіленді. Өңірде осы тақырыпта дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті. Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мемлекеттік органдармен және халықпен бірлескен жұмысының қорытындылары талқыланды. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға біріге күш жұмылдыру әрбір азаматтың парызы деп атап өтті.

РКС: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру үшін 27 ұсыным әзірленді. Бүгінгі таңда аймақта «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты табысты іске асырылуда. Мемлекеттік органдардың белсенділігінің арқасында өңірдің осы бағыттағы көрсеткіштер көш бастап тұр.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Мемлекеттік органдардың, әкімдіктің және облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің үйлесімді бірлескен жұмысын атап өткен жөн. Нәтижесінде құқық бұзушылықтардың динамикасы төмендейді. Егер былтыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 26 қылмыстық іс тіркелген болса, биыл оның саны 24. Типтік базалық бағытты іске асыру шеңберінде облыстың басқармалары мен квазимемлекеттік ұйымдарында бөлімшелерді 51 ішкі талдау жүргізілді.

РКС: Облыста 156 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Оның 97-сі толығымен жойылды. Бүгінгі таңда антикордың жұмысы қайта форматталып, ең алдымен халық үшін маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Мамандар өз жұмысын тек статистикаға емес, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алуға бағыттайды.

СНХ: АРМАН РАХИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Біздің әріптестерімізге және бірінші кезекте - өңірдің мемлекеттік органдары алғыс айтқым келеді. Олармен тығыз қарым-қатынас орнады. Алдағы уақытта да қойған мақсатымыз бір. Бұл тәсіл қазірдің өзінде оң нәтиже береді.

РКС: Іс-шарада өңір басшысы Ермек Маржықпаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар маманды марапаттады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де алғыс хаттар табысталды.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ