ДК: Көкшетауда Финляндидан әкелінген сыртқы киімдердің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Онда пальто, тондармен қатар мамықтан жасалған түрлі курткалар қойылған. Аяқ киімдер де бар. 70 процентке дейін жеңілдік қарастырылған.


РКС: Солтүстік өңірдің қытымыр қысына фин елінен әкелінген түрлі сырт киімдер төтеп бере алады. Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін 50 проценттік жеңілдікпен шетелдік өндірушілердің 50-ден астам үлгісін ұсынылған.

СНХ: СЕМЕН ИВАНОВ, ФИН ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:  "Лапландия" фин дүкендерінің жабылуына орай Қазақстанның 50 қаласында барлық тауарды өз бағасымен сатуды ұйғардық. Дәл бүгін және алдағы екі күн бойы сіздердің қалаларыңызда боламыз. Бұл жерде әйгілі фин тондары, былғары курткалар мен мамықтан жасалған курткалар бар.

РКС: Сырт киімнің түр-түрі бар. Сатып алушы өзіне ұнағанын таңдай алады. Сауатты сатушы-кеңесшілер оның үлгісіне, түсі мен өлшеміне қарай сіздің қалағаныңызды тауып беруге әзір.

СНХ: ДАВИД СУРМАНИЦ, ФИН ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ///аударма/// 0058 //00:18//Басты артықшылығы неде, заттың салмағы бар болғаны 750 грамм ғана. Жеңілдігіне қарамастан, суыққа шыдас береді. 35 градус аязда жып-жылы болып жүресіз. Қойдың терісінен жасалған. Буда бір тәулік бойы ұсталады. Барлық майы ағып кетеді. Соның нәтижесінде осындай жеп-жеңіл болып шығады.

СНХ: РАИСА ЩЕРБАКОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: /Көшеде келе жатып, жарнаманы көзім шалып қалды. Сөйтіп, кіріп едім, жылы қабылдап, барлық киім-кешекті көрсетіп жатыр. Тауарлардың сапасы керемет. Біздің өңір үшін таптырмайтын заттар деп айтар едім. Міне, өзіме бір куртка сатып алдым.

РСК: Сырт киімдерді күн сайын Абай көшесі, 123 мекенжайы бойынша сатып алуға болады. Көркемсурет мектебіне қарама-қарсы орналасқан ғимарат. Жәрмеңке 7-ші желтоқсанға дейін жалғасады.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ