ДИКТОР: Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында республикалық «Жұлдыз» әдеби журналының таныстырылымы өтті. Аталған басылым 2020 жылы «Жылдың ең үздік журналы» аталымы бойынша «Үркер» сыйлығын жеңіп алған болатын.

РКС: Қараша айының басынан облыстық кітапханада «Қолжазбалар сөйлейді» атты жаңа жоба қолға алынды. Оның мақсаты - қазақ басылымдарының мән-мазмұнын айқындау және жастарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Ең алғашқы таныстырылым «Жұлдыз» журналына арналды.

СНХ:ГҮЛЗАДА МҰХАМЕДҚАЛИЕВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫ МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР ЗАЛЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл журналды негізінен ересек қауым оқиды, бірақ біз жастардың да қызығушылық танытқанын қалаймыз. Себебі, бұл өте қызықты әдеби журнал. Онда қазақстандық ақын-жазушылардың, сонымен бірге қаламгерлік жолды енді таңдаған буын өкілдерінің туындылары басылып шығады.

РКС: Сонау 1928 жылы алғашқы саны оқырман қолына тиген басылымның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, өнеріне қосқан үлесі өлшеусіз. «Жұлдыз» журналы қазақ публицистикасының бастауында тұрған «Шолпан», «Таң» журналдарының ізбасары. Әр жылдары «Жаңа әдебиет», «Жыл құсы», «Әдебиет майданы», «Майдан», «Әдебиет және искусство» деген атаулармен шығып тұрған. Ал қазірде оқырман қауымның ыстық ықыласы мен үлкен сұранысына ие болып отырған басылым.

СНХ: ҮМІТ ЕЛУБАЕВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ: Жалпы «Жұлдыз» журналында проза, поэзия, очерк, өнер атты айдарлар бар. Бұл журнал+скл+оқырмандар жүрегінен бір ерекше орын алған және де бұл журналды көп талап етеді.

РКС: Журналдың қазіргі бас редакторы – Мереке Құлкенов. Ал оның ең алғашқы редакторы Сәкен Сейфуллин болған. Басылым материалдарының рухани бағыты мен мазмұндық мәнінің кеңеюіне кезінде қазақ әдебиетінің классиктері Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтар көп еңбек сіңірген.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ