ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің құрылғанына 27 жыл. Осы уақыт аралығында Отанды қорғау үшін сарбаздар әскери борышын өтеуде. Осыған орай әскери бөлімде салтанатты шара өтті.

РКС: 5510 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді. Әскери қызметшілер көшелерді патрульдеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысады. Сондай-ақ төтенше жағдайлар орын алған тұста да сапта дайын. Қостанай облысы Әулиекөл ауылындағы орман өртін сөндіруге көмектесіп, батылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.

СНХ: АЗАМАТ СМАҒҰЛОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: 27 жыл бойы бөлімнің қызметтік-жауынгерлік қызметі қарқынды дамып келе жатқан жас мемлекетіміздің тарихымен тығыз байланысты. Бөлімнің әскери қызметшілері Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету саласында қызметтік-жауынгерлік міндеттерін адал орындап келеді.

РКС: Құрылған күнінің мерейтойына орай әскери бөлімнің құрамына жаңа теледидар сыйға тартылды. Кеш барысынд өңірдің құрметті азаматтары сөз сөйледі. Көкшетау әкімі Бауыржан Ғайсаның атынан орынбасы Азамат Ысқақов сөз сөйледі.

СНХ: АЗАМАТ ЫСҚАҚОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әскердегі қызмет үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан боз баладан, батыл шешімдер қабылдауға қауымдастыру мектебі. Сол мектептен ел сенімін ақтайтын батыр тұлғалар мен патриоттар мәртебесін көтеретін мықты мамандар шығатынына сенімім мол. Сондықтан жас сарбаздар антына адал бол дей келе бабаларымыздан аманат ретінде мұра болып қалған Қазақстанның ұлан-байтақ жері мен елін ақтық демі қалғанша қорғау азаматтық парыз екенін айтқым келеді. Жас сарбаздар ел алдында әскери ант қабылдап Отан қорғаушысы қатарына қосылғаннан бастап сіздерге жүктелегн міндет те зор болып қала береді.

РКС: Шара барысында әскери қызметте алғы шепте жүргендер мен сарбаздар және офицерлер Мақтау қағаздарымен, Алғыс хаттармен марапатталды. Бұдан бөлек кейбір әскери қызметшілердің шені өсіп, иықтарына жаңа погондар тақты.

ИНТЕРШУМ: шен беру сәті

РКС: Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

ИНТЕРШУМ: концерттік номер

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ