ДИКТОР: Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық қоғамдық штабқа барған кезінде конституциялық реформаны дәйекті түрде жүзеге асыру, азаматтардың әл-ауқатын арттыру керектігін тапсырды.

РКС: Мемлекет басшысы саяси доданы тарихи оқиғаға балады. Сондай-ақ, елдің алдағы даму жоспарымен бөлісті.

СНХ: МАРАТ ӨТЕГЕНОВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ: Президенттік сайлау өтті. Біз бәріміз қатыстық. Барлығының бір мақсаты бар. Ол дамыған елде өмір сүру. Біз әділ Қазақстанмен байланысты саяси реформалардың маңыздылығын мойындаймыз. 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет президент болған кезде жаңа реформалар туралы мәлімдемелер болды, олар қазір сәтті жүзеге асырылуда. Біз мұны көреміз. Барлық жаңа өзгерістер бүкіл қазақстандық қоғамға оң әсер етеді деп үміттенеміз.

РКС: Қасым-Жомарт Тоқаев коалицияға жоғары сенім білдіргені үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, Қоғамдық штабқа және үміт артқан халыққа рахметін айтты. «Бұл нәтиже - біздің ортақ жеңісіміз!»- деді Мемлекет басшысы.

СНХ: ЕРЛАН НАУРЫЗБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Мен жарқын болашақ үшін өз дауысымды бердім. Менің ойымша, сайлау заң талаптарына сәйкес өтті. Ешқандай бұзушылықтар болған жоқ. Барлығы өз таңдауын жасады. Менің ойымша, елімізді барлық салада жақсы өзгерістер күтіп тұр.

РКС: Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлау жаңа саяси дәуір ашатынына және алдағы уақытта биліктің барлық негізгі институттары реформаланатынына сенімді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ