ДК: 20 қараша Президенттің кезектен тыс сайлауы өткен күн ретінде тарих қойнауына енді. Бұл күні сайлау учаскелеріне дауыс беру құқығына ие қазақстандықтардың 60 проценті өз таңдауын жасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақстандықтардың 81,31 пайызы дауыс берген. Ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.

РКС: Саяси дода елді жаңа бағытта дамытудың бастапқы бағытын айқындады. Елдің ертеңі мен жарқын болашағы жастардың еншісінде. Мұны Президенттің кезектен тыс сайлауы растады.

СНХ: МАРЖАН МУСКИНА "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевті жастардың тілімен «краш» деп атаймыз. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында бізге, яғни жастарға деген бірқатар жобалар бар. Қазіргі таңда студенттерді толғандырып жүрген мәселенің бірі - жатақхана. Алдағы уақытта бұл мәселе шешімін табады деген сенімдемін.

РКС: Дәурен Талғаұлы қазіргі Президент үшін дауыс бергенін айтады. Өйткені, Қасым-Жомарт Кемелұлы жастарды қолдауға ерекше мән беріп отыр, сондықтан мен мемлекет басшысының әрі қарай да елді алға жылжытатынына сенімдімін,-дейді.

СНХ: ДӘУРЕН ТАЛҒАҰЛЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ: Сайлаудың табысты өткенін атап өткім келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.

РКС: Кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беру құқығына ие ақмолалықтардың 78 проценті өз таңдауын жасағанын атап өту керек.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ