ДК: Бүгінгі күннің батыры. қазақстандықтар өрт сөндіруші Асқар Забикулинді соңғы сапарға шығарып салды. Батырдың жаңазасы облыс орталығындағы Науан Хазірет мешітінің алдында өтті. Марқұмды өзі туып-өскен Үлгі ауылына жерледі.

РКС: Тілсіз жаудан 5 бірдей адамды құтқарып, өзі ажал құшқан Асқар Забикуллинің есімі тарихта алтын әріптермен жазылмақ. Ол бала күнінен құтқарушы болуды армандапты. Мәртебелі мамандық иесі атану жолында аянбай тер төгіп, діттеген мақсатына жеткен.

СНХ: БАҚЫТГҮЛ МАНАШЕВА, АСҚАРДЫҢ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ:  Мектеп қабырғасында жүрген кезде ақ ол өзінің шыншылдығы мен патриоттылығымен ерекшеленетін. Сонымен бірге үй ісіне де араласатын. Біз әжесінің баласы деп айтатынбыз. Ерке болды. Бірақ еркеліктің орны болды. Бүгінгі күні батыр деп жатырмыз. Осы батырлығымен үлкенге де, кішіге де үлгі болып отыр. Біз оны ұмытпаймыз.

РКС: Мектепті аяқтай сала шаһардағы қазіргі Азаматтық Қорғау акедемиясына оқуға түседі. Оқу ордасында да ол қайтпас қайсарлығымен ерекше көзге түскен. Батырмен қоштасуға келген курстастары Асқарды осылай толғана еске алды.

СНХ: ӨМІРБЕК ТӨЛЕУБАЕВ, АСҚАР ЗАБИКУЛИННІҢ ДОСЫ: Асқар өте ашық жігіт еді. Барлығына көмектескісі келіп тұратын. Өзі көрмеген қызықты артындағы ұрпағы көрсін. Біз осындай Батырмен бірге оқығанымызды мақтан тұтамыз.

СНХ: НҰРБОЛАТ ДЕРБІСОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ МИНИСТРЛІГІ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ол жұмысын Астана қаласындағы караул бастығынан бастады. Сол жерде ол спортпен шұғылданып, барлық патриоттық сезімімен жұмысын адал атқарды. Бірінші күн ауруханаға түскеннен бастап, бүкіл құтқарушылар өрт сөндірушілердің барлығы да өздерінің жылы лебіздерін білдіргенінің өзі барлық ел азаматтарының және құтқарушылардың ұйымшылдығын көрсетті.

РКС: Асқар Забикулинға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 1-ші дәрежелі «Айбын» ордені берілді. Сондай-ақ, батырдың жақындарына 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Елорда төрінен бір көше атауы беріліп, бюст орнатылмақ.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»