Диктор: Кеңащы орта мектебінің әр жылдары талабы таудай шәкірттер тәмамдап шықты. Олардың алды Қазақстанға танымал тұлғалар қатарында. Бір қуанарлығы кешегі шәкірттер білім ошағымен тығыз қарым-қатынаста.

РКС: Ақын, драматург, аудармашы әрі режиссер Баянғали Әлімжанов кіндік қаны тамып, балдаурен балалық шағы өткен Кеңащы ауылының сағынып, жылына бірнеше мәрте ат терлетіп келіп жүреді. Осындағы орта мектепте кездесулер өткізіп тұрады.

СНХ: ГҮЛНӘР СӘДУОВА, КЕҢАЩЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  Кеңащы орта мектебінен талай талантты ұл-қыздардың түлеп ұшқанын мақтан етеміз. Бұл ауыл қазақтың көрнекті ақыны Баянғали Әлімжановтың балалық шағы өткен жер. Актер әрі әнші Нұрлан Баянғалиұлы да біздің мектепте оқыды. Сондай-ақ елге танымал азаматтар Бейбіт Кешуов, Ақберген Жұмабаев, Серікжан Мамаев ағайынды Сәдуақасовтарға дәріс алды. Бүгінгі күні олармен тығыз қарым-қатынастамыз. Солардың бірі белгілі спортшы Дархан Қасымов аудандық балалар спорт мектебіне директор болып келгелі алтын ұя мектебіне жиі келіп тұрады.

СНХ: ДАРХАН ҚАСЫМОВ, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Маған білім берген барлық ұстаздарыма алғысым шексіз. Амандық болса Кеңащы орта мектебінде бокс, қазақ күресі үйірмелерін ашамыз. Оған дайындық қызу жүруде.

РКС: Өздері түлеп ұшқан білім ұясын ұмытпайтын аға буын өкілдерін көрген сайын көңілге қуаныш ұялайды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ