ДК: Көптен күткен саяси дода өз мәресіне жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың басым дауысымен қайта сайланды. Ел тізгінін қолына алған Президенттен халықтың күтері мол. Себебі сайлауалды тұжырымдамада көтерілген көптеген бастамалар бұқараның әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Саяси науғақа қатысты жергілікті зиялы қауым өкілдері де өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін білдірді.

РКС: Елдегі саяси-экономикалық реформалар жалғаса бермек. Алдағы 7 жылдағы елдің даму бағыты айқындалып, жоспары бекітілді. Жалпы белгіленген бұл уақытта әр реформа өз жемісін береді,-дейді ақмолалық зиялылар.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Жеті жыл деген көп пе, аз ба деген сауалдар бар ғой. Бұл саяси реформаларды іске асыру үшін әрине уақыт керек. Сондықтан 7 жыл деген өте дұрыс. Енді өзімізде бірқатар уақыт аудан басқардық. Ауданның өзінде бастаған жобаларынды аяқтауға ең аз дегенде 3 жыл уақыт керек. Ал, елдің, республиканың көлемінде бұл дұрыс шешім дедім ойламын. Саясат пен экономиканы бөліп қарауға болмайды.

РКС: Жаңа Қазақстан тұсында өткен сайлау халықтың мемлекет басшысына деген сенімділігін көрсетті. Ал, Президент бұқараның сол сенімін ақтауға барын салары белгілі. Осы ретте, қос тарап бірлесе жұмыс атқаратынына сенім мол.

СНХ: ҒОСМАН ТӨЛЕҒҰЛ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Халықтың күткені тек Президентті сайлау емес, осы жыл басынан бері, тіпті одан да ертерек өзгерген саяси реформалардың қалай іске асуы. Халықты ойландыратын осы мәселе. Енді жанағы басталған реформалар ойдағыдай іске асқанын қалаймыз. Өйткені олардың барлығының түп-төркіні, тамыры халықтың әл-ауқатын жақсарту.

РКС: Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметінше Қасым-Жомарт Тоқаевақа 6 млн.нан астам қазақстандық дауыс берген. Бұл жалпы көрсеткіштің 81,31 проценті.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»