ДК: Өңірде сайлауға қатысу құқығына ие 517 031 адам өз таңдауын жасады. Елдің тілегі бір. Елдің өсіп-өркендеуі. Байлығы тасып жатқан мемлекеттің игілігін бірге көру. Осы мақсатқа жету үшін ең алдымен тұрақтылық, бірлік пен татулық керек. Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан Ақмола жұртшылығы да осындай пікірде.

СНХ:ШИЯП ӘЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Сайлау деген әр адамның құқығы ғой. +скл+Біздің қалада 26 мыңнан астам ардагер бар.+СКЛ+Алдағы 7 жылда Қазақстанның одан әрі дамуына осы сайлау үлкен әсер етеді деп ойлаймын. +скл+Еліміздің дамуына барлық жағдай бар. Неше түрлі байлық жеткілікті. Халқымыз көп емес. Барлығы еңбекқор, жұмыс істейді. Соларға енді жақсы көмек көрсетіліп, ыңғайлы жұмыс табылса жақсы болар еді.

СНХ:АМАНГЕЛДІ АҚЫНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:  Менің есебім былай болды. Халқымыз жақсы тұруы үшін, ұрпақтарымыз жақсы өмір сүруі үшін, келешектері мол болуы үшін дауыс бердім. Бұл сайлау өте дұрыс деп ойлаймыз. +скл+Үмітіміз көп. Қазақстанның потенциалы көп. Мықты мемлекет.

СНХ: АҚБОТА МҰХАМЕТБЕКОВА, АҚМОЛА СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Биыл 18-ге толдым. Бұл саяси науқан еліміз үшін де, мен үшін де өте маңызды шара. +скл+Себебі, бұл әрбір Қазақстан Республикасының азаматы үшін өте маңызды шара. Еліміздің алға қарай жылжуы біздің қолымызда.