ДК: Қазақстан Президентінің сайлауы аяқталды. Белсенді азаматтық позициясы бар жанның барлығы өздерінің сайлау учаскесінде кешкі сағат сегізге дейін дауыс берді. Енді аталған учаскелерде комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кірісіп кетті.

РКС: Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 11 миллион 951 мыңға жуық сайлаушының 8 млн-нан астамы дауыс берген. Учаске жабылғаннан кейін бірден комиссия байқаушылармен бірге дауыс беру жәшіктерінен пломбаларды алып тастап, дауыстарды санау процесін бастады.

ИНТЕРШУМ:Бюллетендерді санау процесі

СНХ: ҚУАНЫШ ЫБЫРАЕВА, №16 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бізге 1505 бюллетень берілді. 938 адам өз таңдауын жасады.Тұрғындар белсенділік танытты. Түске дейін адамдар көп келді. Жастардың да қарасы қалың болды. Барлығы ойдағыдай өтті. Ешқандай кикілжің орын алған жоқ. Қазақстанның әрбір азаматы елінің келешегі үшін дауыс берді.

РКС: Барлық бюллетеньдер есептеліп, аумақтық сайлау комиссиясына жеткізіледі. Пайдаланылмаған бюллетеньдер жыртылып тасталады. Содан кейін олар арнайы сөмкелерге салынып, жергілікті аумақтық сайлау комиссиясына жеткізіледі. Дауыс беру қорытындысы мен Президенттік сайлауда жеңіске жеткен кандидаттың есімін жариялау дауыс беру аяқталғаннан кейін бір апта ішінде орталық сайлау комиссиясы жариялайды.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ