ДИКТОР: Дауыс беру жаңа ғана тоқтады. Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін барлық мәлімет Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады.

РКС: Ақмолалықтар сайлауда белсенділік танытты. Республика көлемінде дауыс беру көрсеткіші бойынша өңір үздік үштіктің қатарында. Облыс орталығындағы 37-ші сайлау учаскесінде тіркелген 2805 азамат өз таңдауын жасады. Бұл учаскеге тіркелген мүмкіндігі шектеулі 17 тұрғынның үйіне шақырту бойынша дауыс беру жәшігі жеткізілді.

СНХ: НҰРҒИЗА БЕГАЛИНА, №37 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ешқандай заңбұзушылық болған жоқ. +скл+85 жастағы әже келді. Ол учаскеміздегі ең үлкені болды. Ол кісіге приз дайындадық. Сағат онның кезінде адам көп келді. Комиссия мүшелері бәрін қабылдап үлгерді.

РКС: Учаскелік сайлау комиссиясы төрайымының сөзінше сайлауға келгендердің 20 процентін жастар құраған. Ал сайлаушылардың дені орта жастағы азаматтар.

СНХ: ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  Қазақстанымыз егеменді болып жатқан соң бұл сайлауға міндетті түрде қатысқаны дұрыс болады. Сондықтан да, еліміз үшін, жұртымыз үшін сайлауға келіп отырмыз.

РКС: Сайлау кезіндегі дауыс беру ережесінің сақталуына комиссия мүшелерінен бөлек шетелдік байқаушылар да атсалысты. Бұл учаскедегі сайлаудың барысын қадағалау үшін Ресей Федерациясының Астрахань қаласынан келген 2 халықаралық тәуелсіз байқаушы болды. Естеріңізге салсақ, елімізге Президент сайлауының барысын бақылауға халықаралық 10 ұйым мен 35 мемлекеттен 600-ден астам шетелдік байқаушы келген.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ