ДК: Кезектен тыс Президент сайлауы 20:00-де аяқталды. Қазіргі уақытта барлық сайлау учаскесінде дауыстарды санау жүріп жатыр. Бүгін №42 сайлау учаскесінде тіркелгендер ішінен ...проценті дауыс берді.

РКС: №42 сайлау учаскесінде әр партиядан 6 байқаушы болды. Комиссия мүшелерінің айтуынша, сайлау барлық заңнамалық талаптарға сай өтті. Азаматтар сайлау науқанында белсенділік танытып, дауыс берді.

СНХ: ӘМИНА ОСПАНОВА, №31 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бізде барлығы 20 416 сайлаушы бар. Менің ойымша,барша тұрғын өз азаматтық белсенділігін танытты. Осының барлығы еліміздің жарқын болашағы үшін. Бүгін бір тарихта қалатын оқиға болды.

РКС: 18 жасар Томирис Сансызбайдың дауыс беруге алғаш келуі. Сайлауға келмес бұрын көп ойланып, шешім қабылдағанын айтты. Ол барша қатысушы дұрыс таңдау жасағанына сенімді.

СНХ: ТОМИРИС САНСЫЗБАЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  Осы күнге дейін сайлау тек үлкендер үшін деп ойлайтынмын. Жасым 18-де болса да, дауыс беруге қатысу балаларға арналмаған деген түсінік қалыптасып қалған. Алайда, біздің еліміз әрі қарай өркендеп, дамуы үшін өмірімде алғашқы маңызды таңдауымды жасадым.

РКС: Айта кетейік, бүгін Ақмола облысының аумағындағы 700-ден астам сайлау учаскесінде тіркелген 517 031 сайлаушы дауыс беру құқығына ие болды.

АИДА ХАМИТОВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ