ДК: Бұланды ауданында 97 жастағы Ұлы Отан Соғысының ардагері өз таңдауын жасады. Қарияға көшпелі дауыс беру ұйымдастырылды. Жалпы аудан бойынша 235 адам өз таңдауын үйде жасаған.

РКС: Любовь Герлинг - 82 жаста. Ол бар ғұмырын теміржол саласына арнаған. Сексеннің сеңгіріне шықсада елдегі саяси шараларды қалт жібермейді. Бүгінде елмен бірге келіп, өз таңдауын жасады.

СНХ: ЛЮБОВЬ ГЕРЛИНГ, ЗЕЙНЕТКЕР: Мен балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауысымды бердім. Әлемде тыныштық болсын. Соғыс болмасын. Тек қана бейбіт күнде күн кешейік.

РКС: Ал, Алябьевых отбасы үшін саяси науқанға қатысу кәдімгі үрдіс болып кеткен. Қос педегог бар шаруаны кейінге ысырып қойып, сайлауға келгендерін айтады.

СНХ: АЛЯБЬЕВЫХТАР ЖАНҰЯСЫ: Біз әр сайлауға тұрақты түрде қатысамыз. Себебі еліміздің ертеңіне біз жауаптымыз. Барлық адамадар осындай сайлауларға белсене қатысуға тиіс.

РКС: Жалпы аудан бойынша 20 мың адам дауыс беруге құқылы. 34 сайлау учаскесі жарақталып, 35 комиссия мүшесі жұмылдырылды.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»