ДК:Бүгін өңірде 16 сәби дүниеге келді. Олардың 11-і қыз, бесеуі ер бала. Егіздер де бар. Мамандардың айтуынша, аналардың және нәрестелердің денсаулығы жақсы. Перзентханада жыл басынан бері 3820 сәби өмірге келген.

РКС:Перзенханада сайлау орны әзірленген. 70-тен астам жүкті және босанған әйел өздерінің азаматтық міндеттеріне немқұрайлы қарамай, сайлауға қатысты.

СНХ:ИРИНА САҚАЕВА, №53 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:  Барлық тіркелген әйелдер дауыс берді. Ескертулер жоқ. Барлығы 79 әйел толығымен өз таңдауын жасады. Дауыс беру ойдағыдай өтті.

СНХ: АЙЫМГҮЛ МАХАНОВА, ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Перзентханада сайлау учаскесі ұйымдастырылып, жас аналар өз таңдауын жасай алды. Дауыс беру сәтті өтті. Сонымен қатар бүгін босанған аналардың жағдайы жақсы.+скл+Қазіргі таңда біздің перзентханада бұған дейін босанған 45 әйел адам жатыр.

РКС: Бүгін Құсайыновтар отбасында да үлкен қуаныш. Бұған дейін 2 перзенті бар Ұлжан 4 баланың анасы атанды. Бүгін міне қос сәбиді дүниеге әкеліп, егіз балалы болды. Енді бүгін қос мерекені қатар тойлап жатыр.

СНХ:ҰЛЖАН ҚҰСАЙЫНОВА, ЕГІЗДЕРДІҢ АНАСЫ: Мен Атбасар қаласынан келдім. Денсаулығым жақсы.+скл+ Мен екі қызымды осы Президент сайлауы күні туғаныма қуаныштымын. Бұл ерекше саяси күн ғой.

РКС: Алайда перинаталдық орталық мамандары күн батқанша жағдай әлі де өзгеруі мүмкін деп отыр. Себебі, бұл сағат түнгі он екіден кешкі 19:30-ға дейінгі дерек.

ТАҚЫРЫБЫ: АУРУХАНАДАҒЫ ЕМДЕЛУШІЛЕР ДАУЫС БЕРДІ

РКС: Сайлауда дауыс беруден науқас жандар да қалыс қалып жатқан жоқ. №52 сайлау учаскесінде тіркелген облыстық аурухана науқастарының дауыстарын беріп үлгерді. Бұл 204-адам. Таңғы сағат жетіден бастап, басы ауырып, балтыры сыздаған науқастар бір сәтке серпіліп, дауыс беретін бөлмеге келді.

СНХ:БЕКЕТЖАН СЕРАЛИН, ЕМДЕЛУШІ: Сайлауға қатыстық. Барлығы жақсы ұйымдастырылған. Ауруханада емделіп жатсақ та өз таңдауымызды жасауға мүмкіндік алдық.

РКС: Келуге жағдайы жоқтарға учаскелік комиссия мүшелері сол науқастардың палаталарына жәшіктерді апарып, таңдау жасауларына мүмкіндік берді.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ