ДИКТОР: "Ұлттық сараптама орталығы" облыстық филиалының аккредиттелген зертханасы тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың шуын оқшаулауға қатысты сараптамалық қорытынды жасаумен айналысады. Өлшеулер барлық санитарлық қағидаға сәйкес жүргізіледі. Бұл жұмыстардың бәрін арнайы оқытудан өткен қызметкерлер жүзеге асырады.

РСК: Ұлттық сараптама орталығы санитарлық-эпидемиологиялық салада тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік ұйым. Биыл аталған орталықтың өңірдегі филиалы ауадағы және соққылық шуды оқшауландыруды өлшеуге арналған заманауи жабдық сатып алды.

СНХ: САРА ӘБІЛОВА, «ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНЫ: Бұл жабдықтың жаңадан пайдалануға берілген тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы ішкі және сыртқы қоршау конструкцияларының, пәтераралық қабылғаларының және төбелерінің ауалық және соққылық шуды оқшаулануын өлшеуге мүмкіндігі бар.

РКС: 40 дБ және одан жоғары болатын тұрақты шу – адамның жүйке жүйесіне айтарлықтай салмақ түсіреді. Соның салдарынан қауіпті дертке шалдығу мүмкіндігі де зор. Халықтың денсаулығына кері әсерін тигізбеу үшін, тұрғын үй ғимараттарын салу кезінде шудың деңгейі зертханалық жолмен өлшенеді.

СНХ: САРА ӘБІЛОВА, «ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНЫ: Ғимараттың шуының оқшаулануы акредиттелген сынақ зертханаларының жүргізген өлшемдерінің нәтижелері бойынша санитарлық-эпидемиялогиялық сараптамалық қорытындымен расталады. Осылайша, тұрғын үйлердің дыбыс оқшаулануына сараптамалық қорытынды беру құқығы тек Ұлттық сараптама орталығына жүктелген.

РКС: Шуды оқшаулауға қатысты сараптамалық қорытынды беру қызметі қыркүйек айынан бастап енгізілді. Бүгінгі таңда өңір филиалы осындай 8 қорытынды жасалған. Сарапшылар мамандандырылған бағдарламадағы барлық өлшемдер мен есептеулерді жүргізуді қосқанда барлық жұмыс үш жұмыс күнінде аяқталады. Толық ақпаратты 87162264872 және 87761877554 нөмірлері арқылы, немесе Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесіндегі 27 а үйінде орналасқан филиалдан алуға болады.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.